Астана қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 29 тамыздағы
№ 106-1551 қаулысына
4-қосымша
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 106-458 Қаулысымен күші жойылды
«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) регламенті «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11304 болып тіркелген) бекітілген «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар, Астана қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - «АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11145 болып тіркелген) сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді зерттеу туралы анықтама-сертификат.
Анықтама оны берген сәтінен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды.