Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 2022 жылғы 10 қазандағы № 27-5/252-НҚ бұйрығы
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының м.а. 2024 жылғы 2 қазандағы № 233 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының «Өзінің қарауындағы заңды тұлға мәртебесі бар Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін бекіту туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 27-5-6/253 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22009 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер тарифтерінің мөлшерлерінде:
1 және 3-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 1 | Аумақтарды санитариялық тазарту және абаттандыру бойынша қызметтер, жеке тұлғалар үшін бір адамға бір күнге шаққанда: 1) Қазақстан Республикасы азаматтары; 2) шетелдіктер; 3) студенттер; 4) мектеп жасындағы балалар; 5) мүгедектігі бар адамдар және мектеп жасына дейінгі балалар үшін | 420 1200 300 200 0 |
| 3 | Табиғат мұражайында болу кезінде қызмет көрсету, бір адамға бір күнге шаққанда: 1) ересек азаматтар; 2) студенттер; 3) мектеп жасындағы балалар; 4) мүгедектігі бар адамдар және мектеп жасына дейінгі балалар үшін | 250 200 100 0 |
»;