ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 2, 5-тармақтарына, 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 11-1) және 12) тармақшаларына, 3-тармағының 2) тармақшасына, 4 және 5-тармақтарына, 35-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Төраға лауазымына:
| Астана қаласы бойынша: |
| әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа | Ахметқалиев Бауыржан Нұрсапанұлы; |
| мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа | Смағұлов Қайрат Кемалұлы; |
| мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына | Көпбосынов Тимур Нұрланұлы; |
| Алматы қаласы бойынша: |
| Медеу ауданының № 2 аудандық сотына | Тәжіханов Бақытжан Әбдісаттарұлы Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; |
| Абай облысы бойынша: |
| Үржар аудандық сотына | Оспанова Шынар Өмірқалықызы; |
| Ақмола облысы бойынша: |
| Біржан сал ауданының сотына | Әбдірайымов Фархат Уәлбекұлы; |
| Целиноград аудандық сотына | Шәмшінұрова Ажаргүл Маратқызы; |
| Ақтөбе облысы бойынша: |
| кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа | Құрманов Ержан Қойлыбайұлы; |
| Атырау облысы бойынша: |
| Құрманғазы аудандық сотына | Тасқынбаева Гүлсім Бестерекқызы; |
| Батыс Қазақстан облысы бойынша: |
| Бөрлі аудандық сотына | Құспанов Алтынбек Жақсылықұлы осы облыстың Теректі аудандық сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып; |
| Теректі аудандық сотына | Биссалиева Әсиля Орынғалиқызы осы облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып; |
| Жетісу облысы бойынша: |