Осы редакция 2017 жылғы 22 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 998 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби
құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау
қағидалары мен әдістері
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау қағидалары мен әдістері (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары (бұдан әрі - ІІО) қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін, негізгі тиімділік көрсеткіштерін, бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін айқындау және есептеу тәртібі мен әдістері белгілейді.
2. Осы Қағидаларда қолданатын негізгі терминдер мен түсініктер:
1) басқарушылық құзыреттер - басқарушылық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, машықтар мен дағдылар;
2) бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіші - қызметке кандидаттың және қызметкердің кәсіби құзыреттеріне, сондай-ақ лауазым үшін негізгі көрсеткіштеріне және кәсіби жетістіктері туралы объективті деректеріне негізделген кәсіби әлеуетінің нысандалған сандық мәні;
3) жұмыстар циклы - қызметтік жұмыстың нақты нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған қызметтік іс-шаралар, процестік немесе өзге де кәсіби іс-қимылдар кешені;
4) кәсіби жетістіктердің көрсеткіші - көтермелеулер, сыныптылығы, академиялық немесе ғылыми дәрежесінің, ғылыми атағының болуы, спорт дәрежесінің болуы;
5) лауазымдық талаптар - лауазымның біліктілік талаптары, лауазымдық нұсқаулықтар, жұмыс стандарттары, кәсіби құзыреттердің модельдері, негізгі тиімділік көрсеткіштері, бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері;