«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 386 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 1152 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 386 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11186 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жеке және заңды тұлғаларға МТНБ-ны беру «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты алғаннан кейін:
1) жаңа МТНБ-лар - Тізілімге қол қойғызып;
2) МТНБ телнұсқалары - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген МТНБ телнұсқалары тізіліміне қол қойып жүргізіледі.
Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат МТНБ-ны, оның ішінде телнұсқаларды беруге негіз болған құжаттармен бірге тігіледі.