Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатына қойылатын талаптарды және екінші деңгейдегі банктердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының барлық басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есептіліктің нысанын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 74 Қаулысы
(2013.26.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.26.07. № 202 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.26.07. № 202 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы қаулының мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) белгіленген сыйақы - қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне еңбек нормаларын орындағаны үшін қызметкердің біліктілігі, орындалатын жұмыстың күрделілігі, саны, сапасы мен талаптары ескеріле отырып төленетін еңбекақының (тұрақты жалақының) белгіленген мөлшері;
2) белгіленбеген сыйақы - қаржы ұйымының белгіленген сыйақыдан басқа жұмыс нәтижелеріне қарай төлейтін қаржы ұйымының акцияларын қоса алғандағы, ақшалай сыйақылардың, қосымша ақылардың, үстемеақылардың, сыйлықақылардың, бонустардың және материалдық көтермелеулердің басқа түрлерінің басқа нысандары;
3) қаржы ұйымы - екінші деңгейдегі банктер және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары;