«Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 шілдедегі № 287 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 5 тамыздағы № 393 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 шілдедегі № 287 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36573 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сумен жабдықтау және су бұру жекелеген функцияларды жүзеге асыруға астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдігі уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме»;
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: