Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Сыбайлас жемқорлық мінез-құлқы заңды жауапкершіліктің негізі ретінде

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Сыбайлас жемқорлық мінез-құлқы заңды жауапкершіліктің негізі ретінде
Датапятница, 26 июля 2024
Статус
Действующий
Дата последнего измененияпятница, 26 июля 2024

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

26.07.2024

Сыбайлас жемқорлық мінез-құлқы заңды жауапкершіліктің негізі ретінде

 

 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне төнетін стратегиялық қауіптердің бірі, Қазақстан қоғамының экономикалық, саяси және әлеуметтік жүйелерін, құқықтық мемлекет пен демократиялық азаматтық қоғамның құрылымын тиімді дамытуға елеулі кедергі - сыбайлас жемқорлық. Оның нақты және заңды көрінісі сыбайлас жемқорлықтан туындайтын құқық бұзушылықтар болып табылады, олар тек экономикалық зиян келтірмейді, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіреді.

 Сондықтан мемлекеттік және муниципалдық қызмет, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, қорғаныс-өнеркәсіп кешені және т. б. салалардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекет қабылдайтын шаралар кешенін атап өтпеуге болмайды.

 Мемлекет сыбайлас жемқорлықпен күресуде елеулі жүмыстар атқаруда және жылдан- жылға бұл құқық бұзушылықты алдын- алу бағытында заң жүзінде қатаң шаралар еңгізіліп, жауапкершлікті ауырлатуда.

 Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылық- бұл әрекетке қабілетті адам өзінің жария мәртебесін, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардан материалдық және(немесе)материалдық емес игіліктерді заңсыз алу үшін онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдалана отырып жасаған құқыққа қайшы, қоғамдық зиянды кінәлі әрекет, оның ішінде- қызмет, өзіне немесе үшінші тұлғаларға артықшылық беру туралы уәде беріп, заңды жауапкершіліктен құтылуды жоспарлау.

 Сыбайлас жемқорлық болып табылатын құқық бұзушылық бұл адамның немесе адамдар тобының әрекеті немесе әрекетсіздігі. Әрекет басқа адамдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес билік органдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің және т.б. мүдделеріне әсер ететін нақты әрекеттерде (әрекетсіздіктерде) көрінеді.

 Ол құқық бұзушының кінәсін, яғни адамның қасақана немесе абайсызда жасаған әрекетіне ерекше психикалық көзқарасын білдіреді. Кінәнің қасақана нысаны, әдетте, адам өзінің іс - әрекетінің (әрекетсіздігінің) заңсыз әрекетін мойындады, зиянды салдардың басталуын алдын - ала білді және олардың басталуын тіледі.

 Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің немесе құқық бұзушының әрекетсіздігінің заңсыздығы, яғни бұл әрекет ҚР заңнамасында көзделген және мемлекет қорғайтын нақты құқықтық норманы бұзуы.

 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілі бір нысанда не заңда көзделген тәсілмен жүзеге асырылады, мысалы: қызметтік жағдайды теріс пайдалану, пара беру, пара алу, өкілеттіктерді теріс пайдалану, коммерциялық пара беру не жеке тұлғаның өзінің лауазымдық жағдайын қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделеріне сай өзге де заңсыз пайдалануы.

 Жоғарыда атап өткен жағдайлар негізінде сыбайлас жемқорлықтың зияндық ауқымы терең екенін және оны жүзеге асырған әрбір азамат міндетті түрде заңды жауапкершілікке тартылуы тиіс екендігін толыққанды түсінгеніміз жөн.

 

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы А.М. Садвакасова

 

 

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!