«Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 11 тамыздағы № 180 және «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 64 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 243 бұйрығы
1. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 11 тамыздағы № 180 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6497 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2010 жылғы 7 қазандағы № 264 (26325) жарияланған);