«Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 564 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
«Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9699 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларында:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. 4-20 нысаны бойынша шығыстар жөніндегі жиынтық есепті мемлекеттік мекемелер қазынашылық органдарынан ай сайын алады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi 4-20 нысаны бойынша шығыстар жөнінде қалыптастырылған жиынтық есептерді есептіден кейінгі жылдың 1 шілдесіндегі және 1 қаңтарындағы жағдай бойынша АЖ арқылы ұсынылатын бюджеттік есептілік құрамында жібереді.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тоқсан сайын қазынашылық органдарынан есептіден кейінгі жылдың 1 шілдесіндегі және 1 қаңтарындағы жағдай бойынша № 4-20 нысаны бойынша шығыстар жөніндегі жиынтық есепті алады, оны қолмен және елтаңбалы мөр бедерімен растайды және оны есеп құрамында бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға береді.