Введите номер документа
Прайс-лист

Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесіндегі курстар мен басқа да оқу орындарының тыңдаушыларының шығыстарын төлеу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 23 сәуірдегі № 327 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 23 апреля 1993
Статус
Утратил силу
утратил силу с 10 августа 2006

Кадрлардың біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жүйесiндегi
курстар мен басқа да оқу орындарының тыңдаушыларының шығыстарын
төлеу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1993 ж. 23 сәуiрдегі № 327 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Кадрлардың біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жүйесiндегi курстар мен басқа да оқу орындарының жұмысынан қол үзiп оқуға жiберiлген сырттан келген тыңдаушыларына оқудағы алғашқы айының iшiнде төленетiн тәулiктiк шығыстары iссапарға арналған тәулiктiк норманың 80 процентi мөлшерiнде белгiленсiн. Сырттан келген тыңдаушыларға тәулiктiк шығыстар қызметкердiң оқудағы әр күнi үшiн төленедi, ал одан кейiнгi кезеңде ең төменгi айлық жалақының үш есе мөлшерiнен кем жалақы алатын тыңдаушыларға ай сайын ең төменгi жалақының 20 процентi мөлшерiнде стипендия төленедi.

Тыңдаушылардың оқитын жерлерiне барып-қайту жол кiресiн, жолда болған уақытына тәулiктiгiн, iссапар шығындарын төлеу, сондай-ақ стипендиялар төлеу негiзгi жұмыс орны бойынша министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң есебiнен жүзеге асырылады.

Оқуда болған кезiнде тыңдаушылар оқуға жiберген тараптың есебiнен шығыстары төленiп, мейманхана үлгiсiндегi жатақханамен қамтамасыз етiледi.

Жатақхана болмаған жағдайда мейманханада тұрғаны үшiн шығыстар ұсынылған құжаттар бойынша өтеледi.

2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Кадрлардың біліктiлiгiн арттыру мен қайта даярлау жүйесiндегi курстар мен басқа да оқу орындарының тыңдаушыларының шығыстарын төлеу туралы» 1992 жылғы 5 наурыздағы № 199 қаулысының (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 1992 ж., № 9, 170-бап) және «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» 1992 жылғы 3 желтоқсандағы № 1021 қаулысының (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 1992 ж., № 47, 701-бап) күшi жойылған деп танылсын.

3. Осы қаулы 1993 жылғы 1 наурыздан күшiне енгiзiлсiн.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрiнiң

бiрiншi орынбасары

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом