Введите номер документа
Прайс-лист

«Көрме қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 25 наурыздағы № 299 қаулысы (1995.04.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 25 марта 1994
Статус
Утратил силу
утратил силу с 10 августа 2005

«Көрме қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 25 наурыздағы № 299 қаулысы

(1995.04.04. берілген өзгерістермен)

 

 ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды

 

Шет елдермен сауда-экономикалық байланысты дамыту және көрме қызметiн мемлекеттік реттеудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

ҚР Министр Кабинетінің 1995.04.04. № 400 қаулысымен құрам өзгертілді

1. Көрмелер өткізу жөніндегі Ведомствоаралық кеңес мынадай құрамда құрылсын: Метте В.Л. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары (Кеңес төрағасы) Абдоллаев Қ.А. - "Қазақстанның "Атакент" iскер ынтымақтастық орталығы" акционерлік қоғамының президентi (Кеңес төрағасының орынбасары) Рақышев Х.К. - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп палатасының төрағасы (Кеңес төрағасының орынбасары) Лопатко И.В. - Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі басқарма бастығының орынбасары (Кеңес хатшысы)

2. Кеңес төрағасы мүдделi министрлiктердiң, ведомстволардың және ұйымдардың қатысуымен Кеңес мүшелерiнiң жеке құрамын айқындасын.

3. Көрмелердi өткізу жөніндегі Ведомствоаралық кеңес Кеңес туралы ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн.

4. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі және Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы министрлiктермен, ведомстволармен, концерндермен және холдинг компанияларымен бiрлесiп, республика экономикасының мүддесiне орай, республикада халықаралық, мамандандырылған, әмбебап және тақырыптық көрмелер, жәрмеңкелер, семинарлар, iскер кездесулер өткізудiң жоспарын жыл сайын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.

5. "Қазақстанның "Атакент" iскер ынтымақтастық орталығы" акционерлік қоғамы Алматы қаласында республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге арналған негiзгi материалдық-техникалық база ретiнде айқындалсын.

6. "Қазақстанның "Атакент" iскер ынтымақтастық орталығы" акционерлік қоғамы облыс әкiмдерiнiң, министрлiктердiң, ведомстволардың, холдингтердiң және мүдделi ұйымдардың қатысуымен "Қазақстанның "Атакент" iскер ынтымақтастық орталығы" акционерлік қоғамы павильондарының бiрiнде Қазақстан кәсiпорындары өнiмдерiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн экспозициясын құратын болсын.

7. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары "Қазақстанның "Атакент" iскер ынтымақтастық орталығы" акционерлік қоғамының тапсырысы бойынша жарнамалық баспа өнiмдерiн шығаруды қамтамасыз етсiн.

8. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы, "Қазақстанның "Атакент" iскер ынтымақтастық орталығы" акционерлік қоғамы мүдделi министрлiктерге, ведомстволарға, концерндерге, холдинг компанияларына, ұйымдар мен кәсiпорындарға Қазақстан және шетелде жоспарланған халықаралық көрмелер, жәрмеңкелер, семинарлар және симпозиумдар туралы уақтылы хабарлап отыратын болсын.

9. Көрмелер өткізу жөніндегі Ведомствоаралық кеңес Қазақстанның көрмелерi мен жәрмеңкелерiн шетелдегi бас ұйымдастырушының, сондай-ақ халықаралық және шетелдiк көрмелер мен жәрмеңкелердi республикада ұйымдастыратын Қазақстан жағын айқындайтын болсын.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом