Введите номер документа
Прайс-лист

Жамбыл облысындағы Амангелді газ кен орнын пайдалануға беру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 6 маусым 1994 ж. № 592 (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 6 июня 1994
Статус
Утратил силу
утратил силу с 15 мая 2008

Жамбыл облысындағы Амангелдi газ кен орнын пайдалануға беру туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 6 маусым 1994 ж. № 592

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды

 

Жамбыл облысының аумағында газ өндiрiсi саласын құру үшiн газ кен орындарын игерудi ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Жамбыл облысының әкімі "Сенім" және "Қазақгаз" мемлекеттік холдинг компаниялары, "Жамбылалаугаз" акционерлік қоғамы және Ресейдiң "Газпром" акционерлік қоғамы құрған "Досбол" бiрлескен кәсiпорны Жамбыл облысының Амангелдi кен орнындағы газ қабаттарын игеру жөнiнен жер қойнауын пайдаланушы болып белгiленсiн және "Досбол" бiрлескен кәсiпорнына осы кен орнын тәжiрибелiк-өндiрiстiк пайдалануға беруге рұқсат етiлсiн.

Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі "Досбол" бiрлескен кәсiпорнына осы кен орнын пайдалануға лицензия берсiн.

2. "Досбол" бiрлескен кәсiпорны құрылтайшы шартының:

- Амангелдi кен орнында газ бен газ конденсатын өндiру және кешендi өңдеу;

- Жамбыл облысының республикалық орталық газ құбыры желiлерiнен шалғай орналасқан селолық елдi мекендерiн газдандыруды;

- пайдалану барысында газ бен газ конденсатының қоры мен құрамын дәлдеудi;

- "Досбол" бiрлескен кәсiпорнының газ және газ конденсатының өңделген өнiмiн кедергiсiз экспортқа шығару, өз қызметiне қажеттi жабдық пен мүлiктi бажсыз әкелу құқығын пайдалануын көздейтiн негiзгi қағидалар мен шарттары бекітілсiн.

3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары және Жамбыл облысының әкімі "Досбол" бiрлескен кәсiпорнын белгiленген тәртiппен жасасылған шарттың шеңберiнде барлық қажеттi рұқсаттармен қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы бiрлескен кәсiпорын қызметiнiң ұйымдық мәселелерiн шешу кезiнде жәрдем берсiн.

4. Жамбыл облысының әкімі Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігімен және Геология және жер қойнауын қорғау министрлігімен бiрлесiп, Жамбыл облысында мұнай-газ саласын құру үшiн барланған гелий мен көмiр-сутегi газ кен орындарын игерудiң бағдарламасын және оның шикiзат базасын нығайту мақсатында Шу-Сарысу мұнай-газ бассейнiнде геологиялық барлау жұмыстарын қайтадан қолға алу бағдарламасын әзiрлесiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом