Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан-Қиыр Шығыс» Сауда Үйінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 тамыз № 974 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 31 августа 1994
Статус
Утратил силу
утратил силу с 10 августа 2005

«Қазақстан-Қиыр Шығыс» Сауда Үйiнiң мәселелерi»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 тамыз № 974 қаулысы

 

 ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды

 

Россияның Қиыр Шығыс облыстарымен, Тынық мұхит аймағы елдерiмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға Қазақстан Республикасының мүдделiлiгiн ескере отырып, сондай-ақ қазақстандық кәсiпорындар мен ұйымдардың сауда-экономикалық қызметiн үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. "Қазақстан-Қиыр Шығыс" Сауда Үйiне аталған аймақтарда өзiн-өзi қаржыландыру арқылы Қазақстан Республикасы Сауда өкiлдiгiнiң мынадай мiндеттерiн орындауға рұқсат етiлсiн:

нарық талдауларын жүргiзу, Россиядан және басқа елдерден қазақстандық кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн әрiптестер iздестiру, өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында олардың әлеуметтiк мүмкiндiктерiн зерделеу, Қазақстан Республикасынан жөнелтiлетiн жүктердiң Тынық Мұхит жағалауы порттары арқылы, оның iшiнде Хабаровск қаласындағы өзен портынан "өзен-теңiз" үлгiсiндегi кемелермен өтуiн қамтамасыз ету, қазақстандық фирмалар мен ұйымдарға кешендi қызмет көрсету.

2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі "Қазақстан-Қиыр Шығыс" Сауда Үйiне жүктелген қызметтердi орындауда көмек көрсететiн болсын.

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом