Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 шілдедегі № 633 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 мамырдағы № 602 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 14 мая 1996
Статус
Утратил силу
утратил силу с 6 октября 2009

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 шiлдедегi № 633 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 14 мамырдағы № 602 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды

 

Селодағы реформаларды жүргiзудi жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. "Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған ұлттық бағдарламасы туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1135 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 шiлдедегi № 633 қаулысына № 3 қосымшаның күшi ұзартылсын және оған мынадай түзетулер енгiзiлсiн:

"Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсiпорындарын (кеңшарлар мен басқа да мемлекеттік шаруашылықтарды) мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру тәртібі" атты екiншi бөлiмнiң 1-тармағындағы бiрiншi абзацтың соңғы екi сөйлемi мынадай редакциямен берiлсiн: "Мүлiктiң сатып алынатын бөлiгiнде 10 жылдан аспайтын мерзiмде төлем жасау жөнiнде меншiк иесiнiң атына мiндеттеме ресiмдеу кезiнде (№ 2 қосымша) мүлiктiк пай иесiне меншiк құқығы туралы (№ 1 қосымша ) куәлiк берiледi";

"Жекешелендiруге тиiстi мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мүлкiн бағалау тәртібі туралы" III-бөлiмнiң 4-кiшi бөлiмiнiң төртiншi абзацы мынадай жаңа редакциямен берiлсiн:

"Жекешелендiрiлетiн АӨК-нiң кәсiпорындары мен ұйымдары мүлкiнiң құнын бiр мезгiлде немесе бөлiп төлеуге болады. Бөлiп төлеу кезеңi 10 жылдан артпауға тиiс";

бесiншi абзац алынып тасталсын;

"Мiндеттеме" атты № 2 қосымшадағы "қалған бөлiгiн" деген сөздер "құнын" деп түзетiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі және Әдiлет министрлігі "Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру ерекшелiктерi туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 14 қаңтардағы Заңына өзгерістер енгізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңының жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлесiн.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом