Введите номер документа
Прайс-лист

Республиканың энергиямен жабдықтаушы және ауылшаруашылығы кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 3 маусым № 671

Информация о документе
Датапонедельник, 3 июня 1996
Статус
Действующийвведен в действие с 3 июня 1996
Дата последнего измененияпонедельник, 3 июня 1996

Республиканың энергиямен жабдықтаушы және ауылшаруашылығы кәсiпорындарына
мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 3
маусым № 671

Энергиямен жабдықтаушы және ауылшаруашылығы кәсiпорындарына мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігінiң энергиямен жабдықтаушы кәсiпорындар бойынша 1996 жылдың 1 мамырында қалыптасқан бюджетке төлемдер жөніндегі мезгiлiнде төленбеген салықтың өтеу мерзiмiн 1997 жылдың 1 қаңтарына дейiн ұзартсын.

Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң Бас салық инспекциясына 1997 жылдың 1 қаңтарына дейiн, бюджетке төлемдер бойынша мезгiлiнде төленбеген салықтың әрбiр кәсiпорнының өтеу кестесiн ұсынсын.

Кәсiпорындар мезгiлiнде төленбеген салықты өтеу кестесiн бұзған және бюджетке ағымдағы төлемдердi уақтылы төлемеген жағдайда берешектердiң жалпы сомасын өндiрiп алу, жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi делiнсiн.

2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі ауылшаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң 1994 жылы тұтынған электр энергиясы үшiн энергиямен жабдықтаушы кәсiпорындар алдындағы берешегiн өтеуге тиiстi мұрсатын берсiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне қажеттi ақпаратты ұсынсын.

3. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігіне энергиямен жабдықтаушы ұйымдар алдындағы жергiлiктi бюджеттерден берешектердi өтеу кестесiн табыс етсiн.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр қуатын сөндiруге жол беруге болмайтын ауруханалар, мектептер, балалар бақшалары, үздiксiз циклмен жұмыс iстейтiн кәсiпорындар мен басқа да ұйымдарды қоспағанда төленбеген берешектi өтеу кестесiн орындамаған және ағымдағы төлемдерiн төлемеген бюджеттегi ұйымдарды жылу және электр қуаты көздерiнен үзуге рұқсат етiлсiн.

4. Облыс әкiмдерi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiмен және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп электр энергиясын пайдаланғаны үшiн берешегi бар таратылған және қайта құрылған ауыл шаруашылығы кәсiпорындары бойынша құқықтық мұрагерлерiн айқындасын және қарыздардың құрылымына өзгерту жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігіне тиiстi ақпарат ұсынсын.

5. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігінiң келісімi бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға ауылшаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң қарыздарын сатуды дисконтысы аукциондық негiзде жүзеге асыруына рұқсат етiлсiн.

6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі бiр ай мезгiлде 1996 жылы электр энергиясы үшiн қалыптасқан берешектiң өсуiне және жоюға жол бермеу жөніндегі шараларды әзiрлесiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами