Введите номер документа
Прайс-лист

«Шетелдiң заңгерлiк фирмаларын тарту практикасын реттеу және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен бюджеттік ұйымдарына консультациялық қызметтер көрсету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 тамыздағы № 982 Қаулысы (2017.08.06. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датасреда, 7 августа 1996
Статус
Действующийвведен в действие с 7 августа 1996
Дата последнего изменениявторник, 27 июня 2017

Шетелдiң заңгерлiк фирмаларын тарту практикасын реттеу және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен бюджеттік ұйымдарына консультациялық қызметтер көрсету жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 тамыздағы № 982 Қаулысы

(2017.08.06. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен бюджеттік ұйымдарына құқықтық консультациялық көмек көрсету мәселелерi бойынша шетелдiң заңгерлiк фирмаларымен шарттар /контрактiлер/ жасасу практикасын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

ҚР Үкіметінің 2017.08.06. № 350 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының Үкiметi, министрлiктерi және ведомстволары құқықтық консультациялық көмек көрсетуге, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң соттарында немесе өзге органдарында мүдделердi бiлдiруге шетелдiң заңды тұлғаларымен жасасатын барлық шарттар (келісімшарттар) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне алдын ала сараптауға ұсынылуы тиiс деп белгiленсiн.

2. Жоғарыда аталған шарттарды /контрактiлердi/ жасасу туралы келiссөздердi жүргiзу жөніндегі делегациялардың құрамына Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң өкiлдерi кiруi тиiс деп айқындалсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом