Бюджеттік борыштар бойынша есептеме жүргiзу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң қаулысы 1996 жылғы 12 тамыз № 991
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 16 маусымдағы № 832 қаулысын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң базасында табиғи тасты өндiру мен өңдеу жөніндегі өндiрiстi ұйымдастыруға арналған инвестициялық кредиттiң екiншi кезегiнiң қаржыландыруы уақытында ашылуы және кредиттеудiң бiрiншi кезеңi жөніндегі Үкiмет кепiлдiгiн ресiмдеу үшiн төленетiн төлемдер бойынша iшкi iстер министрлігінiң берешегiн жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
республикалық бюджет пен кредиттеудiң бiрiншi кезеңi жөніндегі Үкiмет кепiлдiгiн ресiмдеу үшiн республикалық бюджетке берешегi бар Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі арасындағы 13452 мың (он үш миллион төрт жүз елу екi мың) теңге сомасындағы қарызға бiржолғы есептеме жүргiзсiн;
аталған соманы республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiн қаржыландыру есебiне есептесiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi