Қазақстан Республикасының Көкшетау облысы Васильков алтын рудасы
кен орнын өнеркәсiптiк игеру мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң қаулысы 1997 жылғы 3 ақпандағы № 139
Қазақстан Республикасының Көкшетау облысындағы Васильков алтын рудасы кен орнын өнеркәсiптiк игеруге қатысатын үмiткерлердi iрiктеу жөніндегі конкурстың түпкiлiктi нәтижелерiн, сондай-ақ конкурс жеңiмпазы - "ТЕК тобы" баяндаған Негiзгi шарттың соңғы нұсқасында ол ұсынған шарттар мен ұсыныстарды ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. "ТЕК тобының" Васильков алтын рудасы кен орнына қатысты түпкiлiктi ұсынысы қабылданбасын.
2. Васильков алтын рудасы кен орнын өнеркәсiптiк игеруге қатысатын үмiткерлердi iрiктеу жөніндегі конкурс тоқтатылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлігімен бiрлесiп бiр ай мерзiмде Васильков алтын рудасы кен орнын шетелдiк инвестицияларды тарта отырып отандық жер қойнауын пайдаланушылардың өнеркәсiптiк игеру бағдарламасын әзiрлесiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесiп "McGuire Woods Battle & BootHe L.L.P." заң фирмасы келтiрiлген шығынға тексеру және "McGuire Woods Battle & BootHe L.L.P." фирмасының Васильков алтын рудасы жобасына байланысты мәселелер жөнiнде алған мiндеттемелерi аяқталғаннан кейiн түпкiлiктi есептеу жүргiзсiн.
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 29 ақпандағы № 98, 1996 жылғы 1 шiлдедегi № 254, 1996 жылғы 17 қазандағы № 481 өкiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi