Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Судьялар және әділет қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1997 жылғы 11 тамыздағы № 1246

Информация о документе
Датапонедельник, 11 августа 1997
Статус
Действующийвведен в действие с 11 августа 1997
Дата последнего измененияпонедельник, 11 августа 1997

"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Судьялар және әдiлет
қызметкерлерiн даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру
жөніндегі оқу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
қаулысы 1997 жылғы 11 тамыздағы № 1246

Әдiл сотты жүзеге асыру сапасын көтеру, жүргiзiлiп отырған нарықтық жаңартуларды ескере отырып судьялар мен әдiлет қызметкерлерiн оқыту мен олардың біліктiлiгiн арттырудың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақ мемлекеттік заң университетiнiң жанындағы біліктiлiктi арттыру факультетiнiң негiзiнде жедел басқару құқығындағы "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiн даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру жөніндегі оқу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiн даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру жөніндегі оқу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының оған қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiн даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру жөніндегі оқу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын нормативтерге сәйкес техникамен, көлiкпен қызметтiк үй-жайлармен, жатақханамен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етсiн.

4. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 шiлдедегi № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi реттiк нөмiрi 392, мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

     "392 Қазақстан Республикасы Әдiлет
          министрлігінiң Судьялар мен
          әдiлет қызметкерлерiн даярлау
          және олардың біліктiлiгiн
          арттыру жөніндегі оқу орталығы      Алматы қаласы"
 

5. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қазақ мемлекеттік заң институтын ұйымдастыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1994 жылғы 26 мамырдағы № 564 қаулысының 2-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 23, 245-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами