Введите номер документа
Прайс-лист

Бюджеттік ұйымдарды қаржылық бақылау туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1996 жылғы 28 маусымдағы № 304

Информация о документе
Датапятница, 28 июня 1996
Статус
Действующийвведен в действие с 28 июня 1996
Дата последнего измененияпятница, 28 июня 1996

Бюджеттік ұйымдарды қаржылық бақылау туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің өкімі 1996 жылғы 28 маусымдағы N
304

Бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын кепiлдендiретiн қаржылық бақылау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және мемлекеттік мүлiктi талан-таражға салуға қарсы күрестi күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң орындалуына, бюджетте тұратын ұйымдардың шығыс сметаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кепiлдемесiмен шетелден алынғандарын қоса, кредиттердiң мақсатты жұмсалуы мен өтелуiне, заңды тұлғалармен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асырған кезде заңдылықтарды сақтай отырып, экспорттық түсiмнiң республиканың өкiлеттi банкiлеріндегі шоттарға толық әрi уақтылы түсуiне бақылауды күшейтсiн;

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен және Кеден комитетiмен бiрлесiп заңды тұлғалармен валюта операцияларының дұрыс жүргiзiлуiне, экспортерлердiң шоттарына экспорт түсiмдерiнiң уақтылы түсуiне, импортталатын тауарлар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қаражат аударуының негiздiлiгiне бақылау орнатсын;

бюджетке жекешелендiруден, таратылған кәсiпорындардың мүлкiн сатудан түскен қаражатқа, мемлекеттік мүлiктi жалға бергеннен түскен кiрiске, консулдық алымдарға, мемлекетке жататын акциялар пакетi дивидендтерiне, сондай-ақ жалпы мемлекеттік қорға аударымның толық және уақтылы жасалуына бақылау орнатсын;

Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң келісімi бойынша бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қаржы-валюта комитетi аппаратының бақылау-тексеру жұмысы туралы есеп беру нысанына жаңа бюджеттік жiктеуге сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгiзсiн және оларды белгiленген тәртiппен бекiтсiн;

Қазақстан Республикасының Кеден комитетiмен бiрлесiп және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетiнiң, Бас прокуратураның, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Ұлттық Банкінің келісімi бойынша бiр ай мерзiмде мемлекеттік мүлiктi талан-таражға салуға қарсы күрес жөніндегі бiрiншi кезектегi шаралардың үйлестiру жоспарын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекiтуiне енгiзсiн.

Премьер-Министр

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами