Введите номер документа
Прайс-лист

Телефон станциясын пайдалануды реттеу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1996 жылғы 26 шілде № 356

Информация о документе
Датапятница, 26 июля 1996
Статус
Действующийвведен в действие с 26 июля 1996
Дата последнего измененияпятница, 26 июля 1996

Телефон станциясын пайдалануды реттеу туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің өкімі 1996 жылғы 26 шiлде № 356

Мемлекеттік қаражаттарды үнемдеу және Алматы қаласындағы үкiметтiк автоматты телефон станциясын (ҮАТС) пайдалануды реттеу мақсатында:

1. ҮАТС-на қосылуға басым құқығы бар абоненттердiң тiзбесi бекітілсiн /қоса берiлiп отыр/.

2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі:

көрсетiлген тiзбеге кiрмеген ҮАТС абоненттерiнiң телефондарын ажыратуды жүргiзсiн;

ҮАТС-на жаңа абоненттер қосу тек Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Аппараты Басшысының келісімi бойынша жүргiзiледi.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының қызметкерлерiне алдын ала арнаулы журналда жазылатын оның келісімiн алып, тек Аппараттың құрылымдық бөлiмшесi басшысының қабылдау бөлмесiндегi телефоннан ғана қалааралық сөйлесуге рұқсат етiлсiн.

Премьер-Министр


                                       Қазақстан Республикасы
                                       Премьер-Министрінің
                                       1996 жылғы 26 шiлдедегi
                                       № 356 өкімімен
                                       бекітілген
 
        Алматы қаласындағы үкiметтiк автоматты телефон станциясына
              /ҮАТС/ қосылуға басым құқығы бар абоненттердiң
                                 ТIЗБЕСI
 
     Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
     Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары
     Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысы
     Қазақстан Республикасының министрлерi
     Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитеттердiң төрағалары
     Алматы қаласы мен Алматы облысының әкiмдерi 
     Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Басшысының орынбасарлары 
     Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi
басшылары 
     Қазақстан  Республикасы  Үкіметінiң  құрамына  кiрмейтiн     орталық 
атқарушы органдардың басшылары 
     Қазақстан Республикасы министрлерiнiң орынбасарлары 
     Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  комитеттерi   төрағаларының 
орынбасарлары 
     Алматы қаласы мен Алматы облысының әкiмдерiнiң орынбасарлары 
     Премьер-Министрдiң  және  оның  орынбасарларының  көмекшiлерi    мен 
кеңесшiлерi 
     Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi
басшыларының орынбасарлары 
     Қазақстан  Республикасы  Үкіметінiң  құрамына  кiрмейтiн     орталық 
атқарушы органдардың басшыларының орынбасарлары 
     Департаменттердiң, Агенттiктердiң, Комитеттердiң, Ұлттық акционерлік
компаниялардың басшылары 
     Энергетиканың, көлiктiң барлық түрлерiнiң,  газбен,  сумен,  жылумен 
жабдықтаудың тоқтаусыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге тiкелей  байланысты 
кәсiпорындар  мен  ұйымдардың  бiрiншi  басшылары,  сондай-ақ   Қазақстан 
Республикасының Үкіметі тағайындайтын басқа да лауазымды тұлғалар. 
 
     ҮАТС-на "қызметтiк" санаты бойынша: 
     байланыс департаментiнiң директоры орынбасарларының 
     "Қазтелеком" ҮАК вице-президенттерiнiң 
     "Қазтелеком" ҮАК-ның басқарма құқығындағы бөлiмдерi бастықтарының 
     Республикалық почта байланысы мемлекеттік кәсiпорны бас директорының
Алматы қаласындағы телекоммуникациялар мен почта байланысы  кәсiпорындары 
басшыларының және басшылары орынбасарларының телефондары қосылады. 
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами