Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Iшкі істер министрлігінің «Қару (Арсенал) - 1» және «Қару (Арсенал) - 2» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1997 жылғы 6 қарашадағы № 1502

Информация о документе
Датачетверг, 6 ноября 1997
Статус
Действующийвведен в действие с 6 ноября 1997
Дата последнего изменениячетверг, 6 ноября 1997

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң "Қару (Арсенал)
- 1" және "Қару (Арсенал) - 2" республикалық мемлекеттік
кәсiпорындарын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
қаулысы 1997 жылғы 6 қарашадағы № 1502

"Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 шiлдедегi № 2335 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Оңтүстiк Қазақстан және Солтүстiк Қазақстан әскери және арнаулы жабдықтау базаларының негiзiнде шаруашылық жүргiзу құқығымен, тиiсiнше "Қару (Арсенал) - 1" және "Қару (Арсенал) - 2" республикалық мемлекеттік кәсiпорындары (бұдан әрi - мемлекеттік кәсiпорындар) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi орган болып айқындалсын.

Уәкiлеттi орган бiр ай мерзiмде мемлекеттік кәсiпорындардың жарғыларын бекітіп, оларды белгiленген тәртiппен тiркеуден өткiзсiн және жарғылық қорларын қалыптастыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

3. Мемлекеттік кәсiпорындардың негiзгi мiндеттерi болып мыналар белгiленсiн:

нысанды киiм-кешек пен заттай мүлiктердi, ұйымдастыру техникаларын, байланыс және ақпаратты есепке алу құралдарын; арнаулы және жалпы мақсаттардағы автомобиль, авиация және су көлiктерi құралдарын; өндiрiстiк құрал-жабдықтарды және халық тұтыну тауарларын, сондай-ақ қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы бұйымдарды, жанар-жағар материалдары мен отынды сақтау және сату;

нысанды киiм-кешек пен айырым белгiлерi заттарын; арнаулы құралдар мен оларды жинақтаушыларды; мотор және трансмиссиялық майларды өндiру, өңдеу, сақтау және сату.

4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Әдiлет министрлігімен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкіметіне кәсiпорындар тiркелгеннен кейiн бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiн толықтыру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами