Введите номер документа
Прайс-лист

Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Монғолия үкіметаралық комиссиясын құру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы 22 қыркүйек 1993 ж. № 932 (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 22 сентября 1993
Статус
Утратил силу

Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық
жөніндегі Қазақстан-Монғолия үкiметаралық комиссиясын құру
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы
22 қыркүйек 1993 ж. № 932

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы № 594 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Монғолия үкiметаралық комиссиясын құру және оның функциялары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Монғолия Үкіметі арасындағы келісімге сәйкес және Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасында қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру және өзара тиiмдi ынтымақтастықты одан әрi дамыту жөніндегі жұмысты үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Монғолия үкiметаралық комиссиясының Қазақстан жағы мына құрамда бекітілсiн:

                   Комиссияның тең төрағасы:
Крепак П.И.           - Қазақстан Республикасының Еңбек
                        министрi
 
                   Комиссияның мүшелерi:
Әбдiқамалов           - Экономика министрлігінiң аймақтық саясат
Оралбай Әбдiқамалұлы    басқармасының бастығы
 
Әбiтаев               - Экономика министрінің орынбасары
Есберген Әбiтайұлы
 
Әлпиев                - Мәдениет министрінің орынбасары
Төлеубек Нығметұлы
 
Ауанов                - Қаржы министрінің орынбасары
Мырзахмет Қожахметұлы
 
Бiтiмбаев             - Өнеркәсiп министрінің орынбасары
Марат Жақыпұлы
 
Володина              - Ұлттық банктiң валюталық-экономикалық
Людмила Федоровна       қатынастар бас басқармасының бастығы
                        (келісім бойынша)
 
Жақыпбеков            - Әдiлет министрлігінiң мемлекетаралық және
Жаңбырбек Жақыпұлы      сыртқы экономикалық байланыстарды құқықтық
                        қамту басқармасының бастығы
 
Жұмина                - Экономика министрлігінiң алыс сырт
Роза Әлиқызы            елдермен экономикалық байланыс басқармасы
                        бастығының орынбасары
 
Коструба              - Сыртқы экономикалық байланыстар
Петр Иванович           министрінің орынбасары
 
Құлтаев               - Ауыл шаруашылығы министрлігінiң
Амантай Құлтайұлы       экономикалық бас басқармасының бастығы
 
Мәлiмбаев             - Геология және жер қойнауын қорғау
Марат Сұлтанұлы         министрінің орынбасары
 
Омаров                - Сыртқы iстер министрлігі Азия
Қайыр Рахметжанұлы      басқармасының бастығы
 
Сәрсеков              - Iшкi iстер министрінің орынбасары
Бексұлтан Сәрсекұлы
 
Сәрсенбаев            - Президент пен Министрлер Кабинетi
Серiк Сәмекеұлы         Аппаратының Сыртқы байланыстар бөлiмiнiң
                        аға референтi
 
Тайғашинов            - Көлiк министрінің орынбасары
Жамантай Дәуренбекұлы
 
Үсенов                - Сауда министрінің орынбасары
Алмасбек Садықұлы
 
Шкляр                 - Қаржы министрлігінiң Бас кеден
Виктор Владимирович     басқармасы бастығының орынбасары
 
Мұқанов               - Сыртқы экономикалық байланыстар
Мақсат Нұрдәулетұлы     министрлігінiң Азия және Тынық Мұхит
                        аймағы елдерiмен сауда-экономикалық
                        байланыстар басқармасының жетекшi-сарапшысы
                        (комиссияның хатшысы)
     Ескерту. Комиссия құрамына өзгерiс енгiзiлдi -ҚРМК-нiң 1995.
              07.17. № 986 қаулысымен.
     Ескерту. Комиссия құрамына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң
              1996.08.07.№ 980 қаулысымен.
 

2. Үкiметаралық комиссияның Қазақстан жағына, қажет болған жағдайда, тұрақты комиссиялар құру, олардың құрамын, функцияларын және жұмысының негiзгi бағыттарын анықтау құқығы берiлсiн.

3. Министрлiктер, ведомстволар, облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi комиссияның қызметiне барынша жәрдемдесетiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом