Введите номер документа
Прайс-лист

Жатақханалардың құқықтық мәртебесін ретке келтіру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 8 сәуірдегі № 277 қаулысы (1993.21.10. берілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 8 апреля 1993
Статус
Утратил силу
утратил силу с 10 августа 2006

Жатақханалардың құқықтық мәртебесiн ретке келтiру туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 8 сәуiрдегі
№ 277 қаулысы

(1993.21.10. берілген өзгерістерімен)

 

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды

 

Жатақханалардың құқықтық мәртебесiн ретке келтiру және оларда тұратын адамдарды құқықтық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

ҚР Министрлер Кабинетінің 1993.21.10. № 1043 қаулысымен 1-тармақ өзгертiлдi

1. Қазақстан Республикасы Тұрғын үй кодексiнiң 129 бабын бұзу арқылы шағын отбасыларына арналған жатақхана ретiнде пайдаланылатын тұрғын үйлердегi пәтерлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жекешелендiруге жатады деп белгiленсiн.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы" Қазақ ССР Заңының 25 бабының 5 тармағы негiзiнде жасалған мемлекеттік кәсiпорындарды жекешелендiру барысында жатақханаларды беру туралы шарттарды заңда белгiленген тәртiппен қайта қарайтын болсын.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қолданылып жүрген заңдарға және нормативтiк актiлерге жатақханалардың мәртебесiн айқындайтын толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы ұсыныс табыс етсiн.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом