«Лисаков химия талшығы зауыты» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену, пайдалану және билік ету құқығын Лисаков арнайы экономикалық аймағының Әкімшілік кеңесіне беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 364
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
"Лисаков химия талшығы зауыты" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену, пайдалану және билiк ету құқығын Лисаков арнайы экономикалық аймағының Әкiмшiлiк кеңесiне беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 364
"Лисаков химия талшығы зауыты" акционерлік қоғамының өндiрiстiк базасын мейлiнше тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi заңда белгiленген тәртiппен "Лисаков химия талшығы зауыты" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену, пайдалану және билiк ету құқығын Лисаков арнайы экономикалық аймағының Әкiмшiлiк кеңесiне берсiн.