Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 наурыздағы № 187
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң қаулысы 1998 жылғы 6 мамырдағы N
408
Қостанай облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiне 1998 жылы көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзу үшiн мұнай өнiмдерiн берудi қосымша қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"1998 жылы көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзу үшiн мұнай өнiмдерiн беру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 наурыздағы № 187 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
"Қостанай" деген жолдағы "65,2" деген сан "77,2" деген санмен ауыстырылсын;
"Жиыны" деген жолдағы "271,0" деген сан "283,0" деген санмен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
"Қостанай" деген жолдағы "65,2" деген сан "77,2" деген санмен ауыстырылсын;
"CCL-ойл" "__" "25,2" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
МТҰК "ҚазТрансОйл" "__" 12,0:
"Барлығы" деген жолдағы "271,0" деген сан "283,0" деген санмен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi