Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резерв қорынан қаражат бөлу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы 1998 жылғы
6 мамырдағы № 410
Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласының тұсаукесерiн өткізу кезiнде қоғамдық тәртiптi, қоғамдық және жол қауiпсiздiгiн күзетудi, мүмкiн болатын құқық бұзушылыққа жедел мән берудi, сондай-ақ шақырылған мемлекет басшылары мен делегациялардың автокөлiктерiне ерiп жүрудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне астана Ақмола қаласының тұсаукесерi жөніндегі шараларды өткізуге Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резерв қоры қаражатының есебiнен 34528 (отыз төрт миллион бес жүз жиырма сегiз мың) теңге сомасында қаржы бөлiнсiн (шығыстардың сметасы қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 6 мамырдағы
№ 410 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласының
тұсаукесерiне дайындалуға және оны өткізуге
арналған шығыстардың сметасы
(мың теңге)
_____________________________________________________________
Шара | Сома
___________________________________|_________________________
Барлығы 34528
оның iшiнде:
1. Автомотокөлiк сатып алуға 15306
2. Нысанды киiм-кешек сатып алуға 5000
және тiктiруге
3. Турникеттер дайындауға 5000
4. Байланыс құралдарын сатып алуға 9222