Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының меншігіне Женева қаласында (Швейцария) Конфедерациясы ғимарат сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 29 қазан № 1107

Информация о документе
Датачетверг, 29 октября 1998
Статус
Действующийвведен в действие с 29 октября 1998
Дата последнего изменениячетверг, 29 октября 1998

Қазақстан Республикасының меншігіне Женева қаласында (Швейцария)
Конфедерациясы ғимарат сатып алу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметі ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 29 қазан № 1107

Мемлекеттік қаражатты ұтымды пайдалану және шетелдегі Қазақстан Республикасының меншік құқығына жататын жылжымайтын объектілердің тізбесін кеңейту жөніндегі белгіленген жобаларды одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Біріккен Ұлттар Ұйымы бөлімі мен басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігін әкімшілік тұрғыдан жайғастыру үшін, Женева қаласында: 10, Chemin du Prunier, Grand-Sacconex мекен-жайда орналасқан ғимаратты Қазақстан Республикасының меншігіне сатып алу және көрсетілген ғимаратты қайта жаңартуды жүргізу туралы ұсынысы қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қаржы министрлігі қаржыландырудың шарттары мен кестесі жөнінде шетелдік несие берушілермен келіссөздер жүргізсін, 2,4 млн. (екі миллион төрт жүз мың) АҚШ долларынан аспайтын сомаға несиелік келісімді әзірлесін.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышының 1998 жылға арналған лимиті шеңберінде шетелдік несие берушімен несиелік келісімге қол қойсын;

     жобаны қайтарымсыз негізде қаржыландырсын;

несиеге қызмет көрсету мен оны өтеуді республикалық бюджеттің қаражатынан қарастырсын.

4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қаражаттың мақсатқа сай пайдалануын қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің бірінші орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі      
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами