Введите номер документа
Прайс-лист

Жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беруге рұқсат беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 17 қараша № 1167

Информация о документе
Датавторник, 17 ноября 1998
Статус
Действующийвведен в действие с 17 ноября 1998
Дата последнего изменениявторник, 17 ноября 1998

Жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беруге рұқсат беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 17
қараша № 1167

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнінде операциялар жүргізуге арналған келісім-шарттарды жасасудың тәртібі туралы және Жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беруге рұқсат берудің тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы" 1998 жылғы 27 мамырдағы № 484 қаулысына ( Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 16, 139-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Бұнашам" құрылыс өндірістік-өңдеу коммерциялық фирмасы" жабық үлгідегі акционерлік қоғамына Абай және Жаңасемей аудандарындағы лицензиялық аумақтарды алтынға геологиялық зерттеу, Жанан алтын кен орны мен жаңадан анықталған коммерциялық объектілерді игеру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі 1994 жылғы 30 желтоқсанда сериясы МГ № 55 лицензиямен "Бұнашам" құрылыс өндірістік-өңдеу коммерциялық фирмасы" жабық үлгідегі акционерлік қоғамына берген жер қойнауын пайдалану құқығын кепіл ретінде "Қазкоммерцбанк" жабық акционерлік қоғамына беруге рұқсат етілсін.

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетіне жүктелсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами