Введите номер документа
Прайс-лист

«Ақ берен» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1139 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапонедельник, 9 ноября 1998
Статус
Действующийвведен в действие с 9 ноября 1998
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

«Ақ берен» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1139 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласына профилактикалық қызмет көрсету және фонтанға қарсы әскерилендірілген қызметтерді біріктіру жөніндегі жұмыстарды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақ берен» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.

3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы:

1) Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде теңіздер мен су айдындары шельфтерінде ашық газ және мұнай фонтандарының пайда болуының алдын алу жөніндегі жұмыстар кешені;

2) кезек күттірмейтін авариялық-құтқару жұмыстарын орындау;

3) ашық газ және мұнай фонтандарын, газ-мұнай тастауларын жоюға қатысу және авариялық-құтқару және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру;

4) мұнай барлау, мұнай өндіру ұйымдарының жұмысшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлерін ашық газ және мұнай фонтандарының алдын алу және жою жөніндегі қажетті тәсілдер мен әдістерге баулу және практикалық оқыту;

5) фонтанға қарсы қауіпсіздік жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу;

6) құтқару жұмыстарын жүргізу саласында шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық;

7) жер қойнауын пайдаланушыларға техникалық, сервистік және басқа да қызметтер көрсету;

8) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында құрылыс-монтаж

жұмыстарын және қызметтің Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы

келмейтін басқа да түрлерін жүргізу болып белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті Кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын, жарғысын бекітсін және белгіленген тәртіппен Кәсіпорынды әділет органдарында тіркесін.

5. «Қазақстан ашық мұнай-газ фонтандарын жою және олардың алдын алу жөніндегі әскерилендірілген бөлімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын.

Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен «Қазақстан ашық мұнай-газ фонтандарын жою және олардың алдын алу жөніндегі әскерилендірілген бөлімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын таратуды жүргізсін, оның таратылғаннан кейін қалған мүлкін, Кәсіпорынның жарғылық капиталына кіргізу үшін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне берсін.

6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен «Берен-Тест» акционерлік қоғамын таратуды жүзеге асырсын. Ол таратылғаннан кейін, қалған мүлікті, Кәсіпорынның жарғылық капиталына кіргізу үшін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне берсін.

7. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

8. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс енгізсін.

9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне жүктелсін.

10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом