Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Құрылыс басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 желтоқсандағы № 1293 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 18 декабря 1998
Статус
Действующийвведен в действие с 18 декабря 1998
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Құрылыс басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы
18 желтоқсандағы № 1293 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Астана қаласына және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері кейбір бөлімшелерінің Ақмола облысына орын ауыстыруына байланысты, сондай-ақ әскери объектілердің құрылысын салу кезінде шаруашылық жүргізудің арнайы тәртібін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Құрылыс басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, оны шаруашылық жүргізу құқығындағы «Солтүстік әскери құрылыс» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік әскери құрылыс» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.

3. Кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы:

мемлекеттік қорғаныс қабілетін материалдық қамтамасыз ету;

құрылыс, энергиямен, сумен, жылумен жабдықтау, байланыс, коммуникациялар, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы және басқа да Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері инфрақұралымдарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін жүзеге асыру болып белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:

Кәсіпорындардың жарғыларын әзірлесін және бекітсін және оларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом