1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан
Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бағдарламалары
мен кіші бағдарламарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 18 қыркүйек № 919
"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі № 703 қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі бекітілсін. (қоса беріліп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша):
1998 жылдың 23 қыркүйегіне дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша жоғарыда аталған тізбеге сәйкес Комитеттің мемлекеттік тапсырыстарын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құжаттарды бекітсін;
бір айлық мерзім ішінде қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс әзірлесін және енгізсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
18 қыркүйектегі
№ 919 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі
__________________________________________________________________________
| N | Атауы | 1998 жылы | 1999 жылға
| | | қаржыландыру| арналған
| | | нысаны |қаржыландыру
| | | | нысаны
|___|__________________________________________|_____________|_____________
|2 |Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік | |
| |Республикалық деңгейдегі әкімшілік | Ұстауға | Ұстауға
| |шығыстар | |
| | Орталық органның аппараты | |
| | Аумақтық органдардың аппараты | |
| |Мемлекеттік органдарды үкіметтік байланыс.| |
| |пен қамтамасыз ету | |
| | Мемлекеттік мекемелер | |
| | Үкіметтік байланыс агенттігі | Бұл да | Бұл да
| |Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету | |
| | Мемлекеттік мекемелер | |
| | "А" қызметі | Бұл да | Бұл да
|4 |Білім беру | |
| |Ұлттық қауіпсіздік саласындағы жоғары оқу | |
| |орындарында кадрларды даярлау | |
| | Ұлттық қауіпсіздік комитетінің институты | |
| | Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды | |
| |жоғары мектебі | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын | Бұл да | Көрсетілген
| |мемлекеттік тапсырыстар | |қызметтер
| | Ұлттық қауіпсіздік саласында жоғары оқу | |үшін
| |орындарында кадрларды даярлау | |
|5 |Денсаулық сақтау | |
| |Жалпы мақсаттағы емханалар | |
| | Мемлекеттік мекемелер | |
| | Республикалық емхана |Бұл да | Ұстауға
|___|__________________________________________|_____________|_____________