Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолдануды қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 ж. 24 қарашадағы № 981 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 24 ноября 1992
Статус
Утратил силу
утратил силу с 18 августа 2005

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын қолдануды қамтамасыз ету туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 ж. 24 қарашадағы
№ 981 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005.03.08. № 810 Қаулысымен күші жойылды

 

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолдану жөніндегі Нұсқау бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауының эталоны көгiлдiр түстi, көлемi 1м X 2м матадан жасалады және Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасымен бiрге құтыда сақталады.

Мемлекеттік жалау эталонын дайындауға тапсырысты Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мен Министрлер Кабинетінің Iс басқармасы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

 

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетінің

                                      1992 жылғы 24 қарашадағы

                                           № 981 қаулысымен

                                               Бекiтiлген

 

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

жалауы туралы" Қазақстан Республикасының

Заңын қолдану жөніндегі Нұсқау

 

1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының "а" тармағында аталып өткен үйлерде Қазақстан Республикасының жалауы тұрақты тiгiледi немесе орналастырылады.

2. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы" Заңында баяндалған талаптарды сақтай отырып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауын кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың үйлерiне тiгу үшiн жауапкершiлiк осы кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшыларына, ал тұрғын үйлерде - тұрғын үй пайдалану ұйымдарының басшылары мен үй иелерiне (өзiндiк меншiк хұқы бар) жүктеледi.

3. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы" Заңының 4-бабының "д" тармағында аталған кемелерде Қазақстан Республикасының жалауы кеменiң соңына таманғы ернеудегi жалау ретiнде сол ернеудегi жалаусапқа тiгiледi.

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы" Заңның 4-бабының "г" тармағында көзделген реттерде Қазақстан Республикасының жалауы теңiз кемелерi мен iшкi жүзу кемелерiнiң соңына таманғы ернеудегi жалауға қоса кеме тұмсығына немесе белгi беру мачтасына тiгiледi және орнатылады.

4. Iшкi жүзу кемелерi теңiз суларында жүзiп жүргенде (кеме жүзiп бара жатқан және тоқтап тұрған уақытта) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы күн сайын таңертеңгi сағат 8-де тiгiлiп, күн батқан соң түсiрiледi.

5. Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарында өздiгiнен жүретiн кемелерде (кеме жүрiп бара жатқан және тоқтап тұрған уақытта) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы навигация кезеңiнде күн сайын, сондай-ақ 1 және 2 қаңтарда, 8 наурызда, 22 наурызда, 1 мамырда, 9 мамырда, 16 желтоқсанда кеменiң соңына таманғы ернеудегi жалаусапқа күн шығысымен тiгiледi, күн батқан соң түсiрiледi.

Басқа кемелердi сүйретпе троспен жетелейтiн сүйреткiш кемелерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы кеме тұмсығындағы жалаусапқа немесе гафелге тiгiледi.

Өздiгiнен жүрмейтiн кемелерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы 1 және 2 қаңтарда, 8 наурызда, 22 наурызда, 1 мамырда, 9 мамырда, 16 желтоқсанда тiгiледi.

6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери құрамалары мен бөлiмдерiнде және Ұлттық ұланында ант қабылдау ресiмi кезiнде көтерiледi.

7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы Заңның 4-бабының "в" тармағында аталған жағдайларда, егер бұл халықаралық хұқық нормаларында және мемлекетаралық келісімдерде көзделген болса, тiгiледi.

8. Кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар үйлерiнде, сондай-ақ тұрғын үйлерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы 1 және 2 қаңтарда, 8 наурызда, 22 наурызда, 1 мамырда, 9 мамырда, 16 желтоқсанда тiгiледi.

9. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы" Заңның және осы Нұсқаудың Қазақстан Республикасының шеңберiнде дәлме-дәл орындалуын бақылау мемлекеттік өкiмет пен басқарудың жергiлiктi органдарына жүктеледi.

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы" Заңның және осы Нұсқаудың теңiз кемелерiнде және iшкi жүзу кемелерiнде дәлме-дәл орындалуын бақылау осы кемелер солардың қарауындағы Қазақстан Республикасының министрлiктерiне, мемлекеттік комитеттерi мен ведомстволарына, порттарда - порттардың (кемежайлардың) бастықтарына, өкiлдiктерде және консулдық мекемелерде орындалуын бақылау - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне жүктеледi.

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами