Введите номер документа
Прайс-лист

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 Қаулысы (2006.25.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 23 декабря 1994
Статус
Утратил силу
утратил силу с 9 июня 2007

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 Қаулысы

(2006.25.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 1 Нормативтік қаулысымен күші жойылды

 

Соттардың жұмысындағы кемшіліктерді жою, олар азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы жасалған әрекеттер үшін белгіленген заңдарды біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:

1. Жасалған қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі әділ зерттеу жөніндегі заң талаптары қасақана кісі өлтіргендігі туралы істерді қараған кезде ерекше ескерілуі тиіс. Себебі, одан айыптының әрекеті дұрыс бағалануы, ал қылмысты ауырлататын жағдайлар жасалғанда заң бойынша өлім жазасы қолданылатындығы осыған байланысты екеніне соттардың назары аударылатын болсын.

2. Кісі өлтіруге бірнеше адам қатысқан жағдайда соттар қатысушылардың арасындағы алдын ала келісім болған-болмағанын, олардың арасында рольдердің бөлісілген-бөлісілмегенін, сондай-ақ қылмыс жасауға қатысқандардың әрқайсысының оған қатыстылығы дәрежесіне қорытынды жасауға негіз беретін басқа да барлық жайларды мұқият зерттеп, қатысушылардың әрқайсысының іс-әрекеттерін дәрежелеп, жеке-жеке жаза тағайындауға тиіс.

Кісі өлтіруге бірлесіп әрекет жасаған жәбірленушінің өмірін сарп ету процесіне өздері тікелей қатысқан адамдар осы қылмысты әдейі жасағандар деп табылады. Олардың әрекеті ҚК-тің 88-бабының тиісті бөліктері және оның тармақтары бойынша дәрежеленеді. Қылмысқа қатысы бар, бірақ кісі өлтіру процесіне тікелей қатыспағандардың әрекеті (ұйымдастырушылар, дем берушілер, арандатушылар) дәлелді деп танылғанда, дәрежелену белгілері көрсетіліп, ҚР-тің 17-бабымен және 88-баптың тиісті бөліктерімен дәрежеленуге тиіс.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом