Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақ теледидарының «Үкімет арнасы» студиясы туралы» Қазақстан Республикасы министрлер кабинетінің 1994 жылғы 24 ақпандағы № 215 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 24 февраля 1994
Статус
Утратил силу
утратил силу с 10 августа 2005

«Қазақ теледидарының "Үкімет арнасы" студиясы туралы»
Қазақстан Республикасы министрлер кабинетінің 1994 жылғы 24 ақпандағы № 215 қаулысы

 

 ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды

 

Әлеуметтiк-экономикалық қайта құрылу барысында орталық мемлекеттік басқару органдарының қызметiн кеңiнен жария ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. "Қазақстан" мемлекеттік теле-радиохабарларын тарату компаниясында белгiленген тәртiппен заңды тұлға құқығы бар "Үкiмет арнасы" студиясы құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінiң, Өнеркәсiп министрлігінiң, Байланыс министрлігінiң, Энергетика және отын ресурстары министрлігінiң, "Парасат" Халықаралық сауда-өнеркәсiп корпорациясы мен "Қазақстанкоммерция" аймақтың сыртқыэкономикалық қауымдастығы "Үкiмет арнасы" студиясына материалдық-техникалық көмек көрсету жөніндегі бастамасы қолдау тапсын.

3. "Қазақстан" мемлекеттік теле-радиохабарларын тарату компаниясы:

- "Үкiмет арнасы" студиясына аптасына 1,5 сағат көлемде халыққа қолайлы эфир уақытын бөлсiн;

- "Үкiмет арнасы" студиясының шығармашылық ұжымына бағдарламаларын дайындауға және эфирге шығаруға барынша көмек көрсетсiн.

4. "Үкiмет арнасы" студиясының шығармашылық ұжымын жоғары біліктi мамандармен қазақша, орысша және басқа да тiлдерде жұмыс iстейтiн тележурналистермен, режиссерлармен толықтыру жөніндегі жұмысы мақұлдансын.

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом