Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қазақ педиатрия ғылыми-зерттеу институтын қайта құру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы 17 маусым 1994 ж. № 672

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 17 июня 1994
Статус
Действующийвведен в действие с 17 июня 1994
Дата последнего измененияпятница, 17 июня 1994

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң қазақ
педиатрия ғылыми-зерттеу институтын қайта құру туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы 17 маусым 1994
ж. № 672

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Қазақ педиатрия ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы болып қайта құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының ғылыми және практикалық қызметiнiң негiзгi бағыттары:

түрлi жас топтарындағы балалардың ауруы мен өлуi себептерiн анықтау және балалардың денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған шараларды қолдану;

балалар арасындағы түрлi ауруларды емдеу мен олардың алдын алудың қазiргi әдiстерiн жетiлдiру мен жаңа әдiстерiн зерттеп табу;

асқынған хирургиялық аурулар мен балалардың жарақаттануы кезiнде диагностикалық және емдеу көмегiнiң, бала кезде кездесетiн қатерлi жағдайларда интенсивтi емдеу мен жан бiтiрудiң оңтайлы әдiстерi мен ұйымдастыру жолдарын зерттеп табу;

дәрiгерлердiң-педиатрлардың, педиатрия мен балалар хирургиясы жөніндегі ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау мен олардың біліктiлiгiн арттыру болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Педиатрия және балалар хирургиясының ғылыми орталығы туралы ереженi бекiтсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами