Қазақстан Республикасы, тәуелсiз мемлекеттер достастығы және
Балтық елдерi арасында аса маңызды өнiм түрлерiн экспорттау
мен импорттауды қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің қаулысы 17 желтоқсан 1993 ж. № 1257
Сауда-экономикалық ынтымақтастығы туралы үкiметаралық келісімдер бойынша мемлекеттік маңызы бар өнiмдердi берiп тұруды қоса алғанда 1994 жылы Қазақстан Республикасы, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы және Балтық елдерi арасында өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы аса маңызды өнiмдер мен тауарлар түрлерiн сатып алу мен сатуды қамтамасыз ету, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiн ұйымдастыру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 30 шiлдедегi № 1311 Жарлығына сәйкес тауарларды экспорттау мен импорттау саласындағы бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі жеткiзген квоталар шегiнде мемлекет мұқтажына арналған келісілген номенклатура бойынша мемлекеттік маңызы бар өнiмдердi қоса алғанда Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы және Балтық елдерiмен аса маңызды өнiмдер мен тауарлар түрлерiн сатып алу мен сату жөніндегі экспорттық-импорттық операцияларды "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясы жүзеге асыратын болып белгiленсiн.
Белгiленген квоталар шарттарды (контрактiлердi) жасау үшiн негiзге алынады және өндiрушi кәсiпорындардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі белгiленген тәртiппен "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясына өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы аса маңызды өнiмдер түрлерiнiң экспорты мен импортына қатысты сыртқы сауда қызметiнiң құқығын беру туралы мәселенi қарайтын болсын.
3. "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясына:
үкiметаралық келісімдер бойынша көзделген квоталар көлемiнде мемлекеттік маңызы бар өнiмдерi берiп тұруға өндiрушi кәсiпорындармен және делдал ұйымдармен шарттар (контрактiлер) жасау, сондай-ақ аса маңызды өнiмдер мен тауарлар түрлерiн сатып алу жөнiнде, соның iшiнде өзара байланыс негiзiнде де Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мен Балтық елдерiнiң контракт жасаушы ұйымдарымен шарттар (контрактiлер) жасасуды ұйымдастыру;
аса маңызды өнiмдер түрлерiн, соның iшiнде мемлекеттік маңызы бар өнiмдерi экспорттау мен қайтадан экспорттау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігімен келiсу бойынша жекелеген өндiрiстердiң (бағыттардың) мемлекеттік мұқтажы мен оларды мемлекет тарапынан қолдауды қамтамасыз ету үшiн шикiзатты, жабдықтарды, қосалқы бөлшектер мен жинақтаушы бұйымдарды, өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдердi импорттауды жүзеге асыру жүктелсiн.
4. "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясы үкiметаралық келісімдерде көзделген мемлекеттік маңызы бар өнiмдердi өзара берiп тұруды орындау үшiн жауапкершiлiктi мойнына алатын және оның жүзеге асырылуының барысы туралы ай сайын Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстар министрлігін хабардар етiп тұратын болып белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі үкiметаралық келісімдердiң орындалуы туралы тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне жиынтық ақпарат түсiрiп тұрады және орайы келген ретте үкiметтiң шешiмдерiн қажет ететiн ұсыныстар енгiзiп отырады.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігін қатыстыра отырып, үкiметаралық келісімдер бойынша мемлекеттік маңызы бар өнiмдердi сатып алу мен өткізу үшiн "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясына қолданылып жүрген проценттiк ставка бойынша орталықтандырылған кредиттiк ресурстар бөлу мүмкiндiгiн қарастырсын.
6. "КРАМДС" Ұлттық акционерлік компаниясының құрамына кiргiзiлген өндiрушi кәсiпорындар шығаратын ресурстардың, өнiмдердiң аса маңызды түрлерiмен қамтамасыз ету жөнiнен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асырудың осы қаулыда көзделген тәртібі толық көлемiнде "КРАМДС-Снабсбыт" акционерлік компаниясы қолданылатын болып белгiленсiн;
Ескерту. 6 тармақ толықтырылды - ҚРМК-нiң 1994.01.31. № 115 қаулысымен.
7.
Ескерту. 7 тармақ күшiн жойды - ҚР Кабинет Министрінің 1994 ж. 26 сәуірдегі № 435 қаулысымен.
8. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі мемлекет мұқтажы үшiн белгiленген квоталар есебiне өнiмдер мен тауарларды экспортқа жөнелту жөнiнде өздерiне мiндеттемелер алған жағдайда жөнелтушi кәсiпорындарға экспорттық лицензиялардың берiлуiн жүзеге асырсын және жөнелтiлiмдердiң нақты орындалуына қарай олардың берiлуiн ай сайын реттеп отырсын.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Кабинет Министрінің 1994 ж. 31 қаңтардағы № 115 қаулысы.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi