Введите номер документа
Прайс-лист

Атырау облысының Кенбай кен орнында «Бидерманн Интернэшнл» (АҚШ) компаниясымен өнім бөлісу шартымен (Продакшн Шеринг) мұнай барлау, игеру және өндіру жөніндегі келісімді бұзу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 5 шілде 1994 ж. № 756 (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 5 июля 1994
Статус
Утратил силу
утратил силу с 15 мая 2008

Атырау облысының Кенбай кен орнында «Бидерманн Интернэшнл» (АҚШ)
компаниясымен өнiм бөлiсу шартымен (Продакшн Шеринг) мұнай
барлау, игеру және өндiру жөніндегі келісімдi бұзу туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 5 шiлде
1994 ж. № 756

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі мен Атырау облысы әкімінiң Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен келісілген Атырау облысының Кенбай кен орнында " Бидерманн Интернэшнл" (АҚШ) компаниясымен өнiм бөлiсу шартымен (Продакшн Шеринг) мұнай барлау, игеру және өндiру жөніндегі Келісімдi бұзу туралы ұсынысы мақұлдансын.

2. Атырау облысының әкіміне, "Мұнайгаз" Мемлекеттік холдинг компаниясына және "Ембiмұнай" өндiрiстiк бiрлестiгiне Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігімен және Экономика министрлігі жанындағы Ұлттық агенттiкпен бiрлесе отырып, Келісімдi бұзу жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру және Келісімдi бұзу барысында республика мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз ету тапсырылсын.

3. "Атырау облысының Кенбай кен орнында "Бидерманн Интернэшнл (АҚШ) компаниясымен өнiм бөлiсу шартымен (Продакшн Шеринг) мұнай барлау, игеру және өндiру жөнiнде Келісім жасау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 шiлдедегi № 581 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом