Введите номер документа
Прайс-лист

Купондар туралы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРI ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ӨКIМI 6 сәуір 1994 ж. № 8-7-ө

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 6 апреля 1994
Статус
Действующийвведен в действие с 6 апреля 1994
Дата последнего изменениясреда, 6 апреля 1994

Купондар туралы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРI ОРЫНБАСАРЫНЫҢ
ӨКIМI 6 сәуiр 1994 ж. № 8-7-ө

Халықтың инвестициялық жекешелендiру купондарын қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымшылдықпен өткізу, азаматтар мен инвестициялық жекешелендiру қорларына қажеттi жағдайлар жасау, купондарды орналастыру барысында қиянат жасау оқиғаларына жол бермеу мақсатында:

1. Қазақстан Республикасының Халықтық банкiне, оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi мен филиалдарына мыналар ұсынылсын:

- Инвестициялық жекешелендiру қорларының халықтың купондарын осы қорларға салуға шақыратын жарнама проспектiлерiн, буклеттерiн, парақшаларын, көркемдеп безендiрiлген қалқандарын, транспаранттарын және басқа да көрнекi үгiтiн банк мекемелерiнiң қызмет жайларында орналастыруға жол берiлмесiн.

- купондарды инвестициялық жекешелендiру қорларына аудару үшiн халықтан купондар қабылдау кезiнде инвестициялық жекешелендiру қорларының плакат түрiнде жазылған жариялы тiзiмдерiн басшылыққа алынсын. Осы тiзiмдердiң барлық жерде азаматтардың оқуына ыңғайлы белгiлi орында рет нөмiрiмен iлiнуi қамтамасыз етiлсiн.

- Халықтық банк мекемелерi қызметкерлерiнiң купон иелерi купондарын таңдаған қорға салуына бөгет жасайтын қандай да болсын iс-әрекеттерiне жол берiлмеуге тиiс деп саналсын.

- азаматтардың купондарын жинақтау мен орналастыру барысында жекелеген инвестициялық жекешелендiру қорларына мақсатты қызмет көрсету жөнiнде коммерциялық шарттар жасасылуына жол берiлмесiн.

     2. Инвестициялық жекешелендiру қорлары:

- Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 23 маусымдағы № 1289 қаулысымен бекітілген Инвестициялық жекешелендiру купондары туралы ережеге сәйкес жекешелендiрудiң бiрiншi легiнде бiр адамнан купондардың тек 20 процентiн қабылдасын;

- купондарды қабылдау үшiн азаматтардан қосымша ақы алу жәйттерiне жол берiлмесiн;

- купондарды орналастыру туралы ақпарат Халықтық банкінің бөлiмшелерiне магниттi дискiлермен ғана берiлсiн;

- өз қызметiн терiс ниетпен және әдепсiз жарнамалау жәйттерiне жол берiлмесiн.

3. Жолсыздық фактiлерi байқалған жағдайда инвестициялық жекешелендiру қорлары халық купондарын жинақтау құқығына берiлген лицензиядан айырылатын болады.

Премьер-министрдiң орынбасары

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами