Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 9 қазандағы
№ 851 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 мамыр № 651
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды алу, жобалау, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 9 қазандағы № 851 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 39, 588-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды алу, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртібі туралы ережеде:
2-тармақтың үшінші абзацындағы "Мемлекеттік тергеу комитеті" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтағы "Мемлекеттік тергеу комитетінің" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігі Салық полициясы комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі