Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 маусымдағы № 804 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 18 июня 1999
Статус
Утратил силу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 18 маусымдағы № 804 Қаулысы

 

ҚР  Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

Аталған қаулымен бекітілген 1999 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешектерді өтеудің тәртібі туралы ережеде:

4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

"Астана қаласындағы салық органдарында 1999 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген берушілердің кредиторлық берешектерін өтеу "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің арасында бөлінетін салықтар мен алымдарды қоспағанда, республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте, берешектердің сомасын республикалық бюджеттің кірісіне есептеу Қазақстан Республикасы Президентінің "Астана қаласының арнайы экономикалық аймағын құру туралы 1996 жылғы 9 қазандағы № 3127 Жарлығымен белгіленген нормативтер бойынша бөлместен жүзеге асырылады;

12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

"Астана қаласында 1999 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген берушілер бойынша салық органы анықтамада міндетті түрде олардың Астана қаласында 1999 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелгендігі туралы белгі қояды.";

46-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

"Астана қаласында 1999 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген берушілер төлем тапсырысында 107102 "Астана қаласында 1999 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілердің берешектерін өтеуі" кіріс кодын көрсетеді, ал төлем тағайындаудың мәтіндік кеңестігінде - "Астана қаласы бойынша кредиторлық берешектерді өтеу" деген сөздерді жазады";

50-тармақтың екінші сөйлемі "немесе 107102 "Астана қаласында 1999 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілердің берешектерді өтеуі" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом