Введите номер документа
Прайс-лист

Оңтүстік Қазақстан облысында Қызыләскер-Киров автомобиль жолын салудың кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 маусым № 780

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Оңтүстік Қазақстан облысында Қызыләскер-Киров автомобиль жолын салудың кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 маусым № 780

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Оңтүстік Қазақстан облысында Қызыләскер-Киров автомобиль жолын
салудың кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Қаулысы 1999 жылғы 16 маусым № 780

Көлік құралдарының Мақтарал ауданынан облыс орталығына және республиканың басқа да аймақтарына жол жүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі 2000 жылдан бастап жобаны қаржыландыру үшін сыртқы заемдарды тарту мүмкіндігін пысықтасын.

2. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі 1999 жылғы шілдеде жабық конкурс өткізу арқылы, 1991 жылғы бағамен сметалық құны 31 млн. теңге болатын ұзындығы 37 км. Қызыләскер-Киров автомобиль жолының құрылысын бастауды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен:

Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігіне "Республикалық деңгейдегі автомобиль жолдарының құрылысын салу және қайта жаңарту" бағдарламасы бойынша 1999 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаржының есебінен Қызыләскер-Киров автомобиль жолын салуды қаржыландыру үшін 1999 жылы 288 млн. теңге сомасында қаражат бөлуді қамтамасыз етсін;

2000 жылға арналған бюджеттің жобасын қалыптастыру кезінде құрылыс кестесіне сәйкес Қызыләскер-Киров автомобиль жолын қаржыландыру үшін қаржы көздесін.

4. "Астана қаласын 1999 жылы дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 ақпандағы № 161 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

3-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацындағы "2000,5" деген сан "1646,5" деген санмен ауыстырылсын;

аталған қаулыға 1-қосымшада:

"Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі" деген жолдағы "Қаржыландыру көлемі" деген бағандағы "819" деген сан "465" деген санмен ауыстырылсын;

"Айналып өтетін айналма жолдың учаскесі (Қарағанды-Павлодар)" деген жолдағы "Іске қосу мерзімі (жыл, тоқсан)" деген бағандағы "маусым 1999 ж." деген сөздер "қыркүйек 2000 ж." деген сөздермен, "Қаржыландыру көлемі" деген бағандағы "819" деген сан "465" деген санмен ауыстырылсын;

"Жиыны" деген жолдағы "Қаржыландыру көлемі" деген бағандағы "2000,5" деген сан "1646,5" деген санмен ауыстырылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
 
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!