Введите номер документа
Прайс-лист

«Мұнайгаз» мемлекеттік холдинг компаниясының таратылуы туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1997 жылғы 4 наурыздағы № 61

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 4 марта 1997
Статус
Действующийвведен в действие с 4 марта 1997
Дата последнего изменениявторник, 4 марта 1997

"Мұнайгаз" мемлекеттік холдинг компаниясының таратылуы туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1997 жылғы
4 наурыздағы № 61

Каспий құбыр желісі консорциумында, сондай-ақ "Қазтүрiкмұнай", "Қарақұдықмұнай" бiрлескен кәсiпорындарында, "Дунга" кен орнын игеру жөніндегі "Оман Ойл Компани" компаниясымен контрактiде және басқа жобаларда қаржылық және өзге де халықаралық мiндеттемелерi бар "Мұнайгаз" мемлекеттік холдинг компаниясының таратылуымен байланысты:

1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесiп, ағымдағы жылдың 20 сәуiрiне дейiн мерзiмде таратылатын "Мұнайгаз" мемлекеттік холдинг компаниясының орнына Каспий құбыр желісі консорциумында, сондай-ақ "Қазтүрiкмұнай", "Қарақұдықмұнай" бiрлескен кәсiпорындарында, "Оман Ойл Компани" компаниясымен контрактiде қатысушыны айқындасын.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң комиссиясы "Мұнайгаз" мемлекеттік холдинг компаниясының мөрiн Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігіне қайтарсын, персоналдарының есеп айырысуын және халықаралық мiндеттемелер бойынша түскен қаржыларды республика бюджетiне жiберудi қамтамасыз етсiн.

Таратылатын "Мұнайгаз" мемлекеттік холдинг компаниясының есеп айырысу шоты бойынша бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жанындағы Қазынашылығына жүктелсiн.

3. Тарату комиссиясы "Мұнайгаз" мемлекеттік холдинг компаниясының қаржылық аудитi, оның дебиторлық және кредиторлық берешегiн өтеу, еңбек келісімдерiн реттеу жөніндегі жұмысты жалғастырсын.

Премьер-Министр

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами