Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасына цемент әкелуге шектеулер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 484 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 27 апреля 1999
Статус
Утратил силу
утратил силу с 8 марта 2008

Қазақстан Республикасына цемент әкелуге шектеулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27  сәуірдегі № 484  Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды

 

Отандық цемент өндірушілерді қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасының аумағына цемент әкелуді шектейтін шараларды қолдану үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасынан әкелінетін цементтің импортына, арнайы маркалы цементтi қоспағанда 1999 жылдың екінші және үшінші тоқсандарына 30 мың тонна мөлшерінде квота белгіленсін.

      ҚР Үкіметінің 1999.08.07. № 1111 Қаулысымен 1-тармақ толықтырылды

2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібі туралы ережеге сәйкес импорттаушылардың өтініштерінің негізінде цементтің импортына квота бөлуді және лицензия беруді жүзеге асырсын.

      ҚР Үкіметінің 1999.08.07. № 1111 Қаулысымен 2-1, 2-2-тармақтармен толықтырылды

2-1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң бiрлескен бұйрығымен айқындалатын, арнайы маркалы цемент ретiнде, Қырғыз Республикасынан портландцементтi, глиноземдi, шлакты, суперсульфатты және соған ұқсас гидравликалық боялған немесе боялмаған, даяр немесе клинкерлер нысанындағы цементті (ТМД СЭҚ ТН коды 2523) импорттау сандық шектеулерсiз 1999 жылғы ІІІ тоқсанның аяғына дейін жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

2-2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен 2-1-тармақта көрсетiлген цементтi импорттауға тиiстi лицензиялар берудi қамтамасыз етсiн және берiлген лицензиялардың тiзiлiмiн он күн сайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінің Кеден комитетiне ұсынып отырсын.

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті жүктік кеден декларацияларының негізінде Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасына әкелінген цементтің мөлшері туралы Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне ай сайын ақпарат ұсынатын болсын.

4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген уақытша шектеулердің енгізілгені туралы белгіленген тәртіппен Қырғыз Республикасының Үкіметіне хабарласын.

5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом