Введите номер документа
Прайс-лист

«Кейбір аймақтық электр желісі компанияларының мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі № 1502 Қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 30 сентября 1999
Статус
Действующийвведен в действие с 30 сентября 1999
Дата последнего изменениячетверг, 30 сентября 1999

Кейбір аймақтық электр желісі компанияларының мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі № 1502 Қаулысы

 

Электр желiсi компаниялары жұмысының тиiмдiлігін арттыру, электр энергиясын тұтынушыларды 1999/2000 жылдың күзгi-қысқы кезеңiнде электр энергиясымен үзіліссiз қамтамасыз ету, электр желiсi компанияларының жабдықтарын жұмысқа қабiлеттi жағдайда ұстап тұру үшiн инвестициялар мен менеджменттi тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Ақтөбеэнерго» ААҚ, «Атырау АЭК» ААҚ, «Қостанай АЭК» ААҚ (бұдан әрi - АЭК) акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығы, олардың жоғарыда көрсетiлген акционерлік қоғамдар қызметiнiң Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi айқындаған өлшемдердi орындауын көздей отырып, тиiстi облыстардың жергiліктi атқарушы органдарына берiлсiн.

2. Ақтөбе облысының әкімі «Электр желiлерiн басқару жөніндегі қазақстандық компания» ашық акционерлік қоғамымен («KEGOC» ААҚ) және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекенi қорғау жөніндегі агенттiгiмен бiрлесiп:

1) төлеудi 2000 жылдың 1 сәуiрiнде аяқтай отырып «Ақтөбеэнерго» ААҚ-ның «KEGOC» ААҚ-ның алдындағы берешектерiн өтеудiң кестесiн әзiрлесiн;

2) «KEGOC» ААҚ-ның «Ақтөбеэнерго» ААҚ-сы төлемдердiң құрылымын айқындасын;

3) ҚР Үкіметінің 31.03.00 ж. № 485 қаулысымен күшін жойды

3. Облыстардың әкiмдерi акциялардың мемлекеттік пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру кезiнде:

1) заңдардың талаптарын ескере отырып, акционерлік қоғамдардың (бұдан әрi - қоғамдар) бiрiншi басшыларын сайлау және олардың өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату мәселелерiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен (бұдан әрi - Комитет) келiсудi қамтамасыз етсiн;

2) Комитетпен күн тәртібінiң мазмұны мен мынадай мәселелер:

акционерлік қоғамдардың үлгiсiн өзгерту;

қоғамдарды ерiктi қайта ұйымдастыру және тарату;

жарияланған жарғылық капиталды өзгерту;

таза кiрiсте бөлудiң тәртібі;

қоғамға тиесiлі барлық активтердiң жиырма бес және одан астам проценттерiн құрайтын сомада активтердiң бөлiгiн немесе бiрнеше бөліктерiн беру жолымен қоғамның өзге де заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау;

қоғамның өз капиталының мөлшерiнiң жиырма бес және одан астам проценттерiн құрайтын сомаға қоғамның мiндеттемелерiн арттыру туралы шешiм қабылдау;

қоғамның жарғысына сәйкес iрi мәмiлелердi бекіту;

қоғамның директорлар кеңесiн сайлау, оның сандық құрамы мен оның өкiлеттігін мерзiмiнен бұрын тоқтатуды айқындау бойынша қоғамның жалпы жиналысында қабылдау үшiн ұсынылатын шешiмдердiң жобаларын алдын ала жазбаша келiссiн;

3) Комитеттiң өкiлдерiн директорлар кеңесi мен тексеру комиссиясының құрамына енгiзудi қамтамасыз етсiн.

4. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

«Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 118-2, 118-3, 118-6-жолдар алынып тасталсын.

5. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттiгi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Ақтөбе, Атырау және Қостанай облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген АЭК-ларды 2000 жылы сату (жекешелендiру) мақсатында стратегиялық инвесторларды тарту жөніндегі жұмысты жалғастырсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрi О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом