Введите номер документа
Прайс-лист

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 24 желтоқсан № 1332

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 24 декабря 1998
Статус
Действующийвведен в действие с 24 декабря 1998
Дата последнего изменениячетверг, 24 декабря 1998

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамының
кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Қаулысы 1998 жылғы 24 желтоқсан № 1332

Қаржы-несие жүйесін жетілдіру және ауыл шаруашылығында жүргізілетін реформаларды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісе отырып "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамының талаптарын өтеу есебіне қайтарылатын ақшадан (қосымшаға сәйкес):

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау" жабық акционерлік қоғамының 66 (алпыс алты) миллион теңге мөлшеріндегі жарғылық капиталын қалыптастыруды;

1998 және 1999 жылдарға арналған республикалық бюджеттің кіріс бөлігінде салынған қаражаттың бюджетке түсуін;

жоғарыда аталған шарттар орындалғаннан кейін, қалған ақшаның есебінен, ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен және ұқсатумен байланысты мақсаттарға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қайта инвестициялауды қамтамасыз етсін.

2.

Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.08. № 1334 қаулысымен.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және "Ауыл шаруашылығын қаржылай жабық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып, бір ай мерзім ішінде талап құқықтарын беру (сату) шартын жасасу құқығына тендер өткізудің тәртібін әзірлесін.

4. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамына бұрын Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдаудың мемлекеттік қорының балансына берілген борышты талап ету құқығын конкурстық негізде беруді (сатуды) ұйымдастыру ұсынылсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
                                               Қазақстан Республикасы
                                               Үкіметінің 1998 жылғы
                                               24 желтоқсандағы
                                               № 1332 қаулысына
                                               қосымша
 
 __________________________________________________________________________
|Заң актілері, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің|Сомасы
|нормативтік құқықтық актілері                                    |млн.
|                                                                 |теңге
|_________________________________________________________________|________
|Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 мамырдағы № 651
| қаулысына сәйкес директивтік және орталықтандырылған
|несиелер
|                                                                  5274,9
|Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 14 желтоқсандағы
|№ 1719  қаулысына сәйкес директивті және
|орталықтандырылған несиелер                                       796,9
|
|Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 24 ақпандағы
|№ 1578  Жарлығына сәйкес мерзімі 2004 жылға дейін
|ұзартылған несиелер                                               1161,1
|
|Қазақстан Республикасының 1996,1997 жылдарға арналған
|республикалық бюджет туралы Заңға сәйкеc лизингтік қордың
|берілген қаражаты                                                 1378,1
|
|Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 9 сәуірдегі № 513
| және 1997 жылғы 29 мамырдағы № 901  қаулыларына
|сәйкес берілген комбайндар бойынша берешек                        1613,3
|
|Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 9 маусымдағы
|№ 938 ; 1997 жылғы 21 шілдедегі № 1141  және
|1997 жылғы 4 тамыздағы N1209  қаулылары бойынша берешек
|(Павлодар трактор зауыты)                                         300
|
|Қазақстан Республикасының 1995, 1996, 1997 жылдардың
|республикалық бюджеті туралы заңдарына сәйкес шаруа
|қожалықтарын дамытуға 1995 жылдан 1997 жылдарға дейін берілген
|несиелер                                                          384
|
|Қазақстан Республикасының 1998 жылға арналған республикалық
|бюджет туралы Заңына сәйкес лизингтік негізде бөлінген қаражат
|                                                                  529,1
|
|Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 мамырдағы № 901
| қаулысына сәйкес "БАСФ"(Германия) және "Зенека-Өсімдіктерді
|қорғау"(Ұлыбритания) фирмаларына Алматы облысының борыштарын
|өтеу                                                              200,5
|
|Павлодар трактор зауытына 1997 жылы аударылған қаражат
|                                                                  245
|
|Барлығы                                                           11882,9
|__________________________________________________________________________
 
 
 
 
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами