Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Иран Ислам Республикасына ресми сапарын даярлау үшін Қазақстан Республикасының сарапшылық тобын іссапарға жіберу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 қыркүйек № 1457

Информация о документе
Датапонедельник, 27 сентября 1999
Статус
Действующийвведен в действие с 27 сентября 1999
Дата последнего измененияпонедельник, 27 сентября 1999

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Иран Ислам
Республикасына ресми сапарын даярлау үшін Қазақстан Республикасының
сарапшылық тобын іссапарға жіберу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 қыркүйек N
1457

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Иран Ислам Республикасына ресми сапарын даярлау үшін Қазақстан Республикасының сарапшылық делегациясы Иран Ислам Республикасына 1999 жылғы 29 қыркүйек пен 8 қазан аралығында мынадай құрамда іссапарға жіберілсін:

     Оразбаев           - Қазақстан Республикасының Сыртқы
     Асхат Тұтқышбайұлы   істер министрлігінің Екі жақты
                          ынтымақтастық департаменті
                          директорының орынбасары
 
     Жалғасбаев         - Қазақстан Республикасы
     Нұрлан Әділұлы       Президентінің Протоколы
                          бастығының орынбасары
 
     Әлімжанов          - Қазақстан Республикасы
     Асқар Әнуарбекұлы    Президентінің Баспасөз
                          қызметі жетекшісінің
                          орынбасары
 
     Тұрсынбаев         - Қазақстан Республикасы
     Кеген                Президентінің Күзет қызметінің
                          офицері
 
     Кемали             - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
     Ержан Сағындықұлы    министрлігінің құқықтық
                          қамтамасыз ету және
                          халықаралық байланыстар
                          басқармасы бастығының
                          орынбасары
 
     Мұқашев            - Қазақстан Республикасы
     Жанат Бәзікенұлы     Энергетика, индустрия және
                          сауда министрлігінің
                          мемлекетаралық ынтымақтастық
                          басқармасы бастығының орынбасары
 
     Сапарбекова        - Қазақстан Республикасы
     Мақсат Әдейханқызы   Сыртқы істер министрлігінің
                          аудармамен қамтамасыз ету
                          бөлімінің бастығы
 
     Жұмаханов          - Қазақстан Республикасы
     Бекетжан             Сыртқы істер министрлігінің
     Махатжанұлы          мемлекеттік протокол
                          басқармасының бөлім бастығы
 
     Сәкенов            - Қазақстан Республикасының
     Нұрлан Рахымжанұлы   Сыртқы істер министрлігі
                          шарт-құқық басқармасының
                          бірінші хатшысы
 

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіпте делегация мүшелерінің жол жүру құжаттарын ресімдесін.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі делегация мүшелеріне Алматы-Тегеран-Мешхед-Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға, қонақ үйде тұру, толық көлемде тәуліктік, автокөлікті жалдау мен халықаралық телефон байланысы үшін 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждар үшін көзделген қаражаттың есебінен 3 млн. теңге көлемінде валюта қаражатын бөлсін. Сондай-ақ Тегеран-Шираз-Тегеран бағыты бойынша да валюта қаражатын бөлу көзделсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
 
 
 
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами