Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу жөнінде ұсыныстар
әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 28
тамыз № 70-ө өкімі
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 25 қарашадғы № 1176 қаулысымен осы өкімнің күші жойылды
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу мақсатында:
1. Мынадай құрамда ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын:
Бәйменов Әлихан Мұхамедияұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрі, жетекші
Бахмутова Елена Леонидовна - Қазақстан Республикасының Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі, жетекшінің
орынбасары
Жұмыс тобының мүшелері:
Беспалинов Тілеуғазы Айтқазыұлы - Қазақстан Республикасының
Экономика және сауда министрлігі
Аймақтық, әлеуметтік саясат және
бағдарламалар департаментінің
Аймақтық және әлеуметтік саясат
басқармасы бастығының орынбасары
Ким Виссарион Валериевич - Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі Мемлекеттік бюджет
департаменті Бюджеттік саясат
басқармасының бастығы
Колышпаева Нина Григорьевна - Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау жөніндегі
агенттігі Стратегиялық жоспарлау
және бақылау департаментінің
экономикалық өсу стратегиясы
бөлімі бастығының міндетін
атқарушы (келісім бойынша)
Кравченко Иван Михайлович - Қазақстан Республикасы Жұмыс
берушілер конфедерациясының
өкілі, "Беккер" бірлескен
кәсіпорнының бас директоры
(келісім бойынша)
Құрманов Алмас Мұхамедкәрімұлы - "Зейнетақы төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталық"
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының директоры
(келісім бойынша)
Құрманов Жанат Бостанұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкі Сақтандыруды қадағалау
департаменті директорының
орынбасары (келісім бойынша)
Мұқашев Марат Жомартбекұлы - Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Заңнама
департаменті заң жобалары
басқармасы Заң жобаларын
сараптау бөлімінің бастығы
міндетін атқарушы
Райханова Қатипа Әділжанқызы - Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрлігі
Заң департаменті директорының
орынбасары
Хамзин Рүстем Назымбекұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі Әлеуметтік саясат
департаментінің директоры
2. Ведомствоаралық жұмыс тобы 2001 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде тиісті заңнамалық кесімдердің жобаларын әзірлесін.
Премьер-Министр