Введите номер документа
Прайс-лист

1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 16 желтоқсан № 318-I

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 16 желтоқсан № 318-I
Дата:среда, 16 декабря 1998
Статус:
Действующий
введен в действие с 16 декабря 1998
Дата последнего изменения:среда, 16 декабря 1998

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының

Заңы 1998 жылғы 16 желтоқсан № 318-I

1-бап. 1999 жылға арналған республикалық бюджет, қосымшаға сәйкес, кірістері бойынша 247 289 425 мың теңге, алынған ресми трансферттер бойынша 39 651 699 мың теңге, өтелімі бойынша 2 033 332 мың теңге, шығыстар бойынша - 325 687 514 мың теңге, несиелендіру бойынша - 28 335 763 мың теңге, республикалық бюджет тапшылығының шекті мөлшері 67 048 821 мың теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 3,7 проценті мөлшерінде бекітілсін.

Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің тапшылығын ішкі және сыртқы капитал рыногынан қарыздар алу есебінен үкіметтік борыштың негізгі сомасын өтеуді ескере отырып, жабуды қамтамасыз етсін.

 Ескерту. 1-бап өзгерді Қазақстан Республикасының 01.04.99 ж.
 № 359-1 Заңымен.
 1-бап өзгерді Қазақстан Республикасының 28.06.99 ж.
 № 406-1 Заңымен.
 2-7 баптар.
 Ескерту. 2-7 баптар алып тасталды, 2-1, 3-1, 4-1, 5-1, 6-1-баптармен
 толықтырылды Қазақстан Республикасының 01.04.99 ж.
 № 359-1 Заңымен.

2-1-бап. Республикалық бюджетті қалыптастыру "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3-1-бап. Республикалық бюджеттің кірістері "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ мынадай салыққа жатпайтын түсімдер есебінен қалыптасады деп белгіленсін:

тәркіленген, иесіз мүліктерді, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті, көмбелерді, қымбат металдар мен шетел валютасы түріндегі олжаларды сатудан алынатын түсімдер;

орталық атқарушы органдар қабылдаған шешімдер негізінде мемлекеттік мекемелердің мүлкін сатудан алынатын түсімдер;

Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжаттар мен жеке куәліктер берілгені үшін алынатын ақы;

мүлікті өз еркімен беруден немесе заңсыз алынған мүлікті немесе мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген адамдарға немесе оларға теңестірілген адамдарға заңсыз көрсетілген қызметтердің құнын өндіріп алудан алынатын сомалар түсімдері;

 табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін айыппұлдар (50 % мөлшерінде);
 өнімдерді лицензиясыз әкеткені үшін айыппұл сомаларының түсімдері;
 басқа да айыппұлдар мен санкциялар;
 заң актілерімен көзделген басқа да салыққа жатпайтын түсімдер.
 Ескерту. 3-баптың 3-ші абзацы алынып тасталды Қазақстан
 Республикасының 28.06.99 ж. № 406-1 Заңымен.

4-1-бап. Жергілікті бюджеттердің кірістері "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ мынадай салыққа жатпайтын түсімдер есебінен қалыптасады деп белгіленсін:

мұрагерлік құқығы бойынша әкімшілік-аумақтық бөлініске өткен мүлікті, көмбелерді, ұлттық валютадағы олжаларды сатудан алынатын түсімдер;

әкімшілік қамауға алынған адамдар орындайтын жұмыстар мен қызмет көрсетулер үшін ұйымдардан түсетін түсімдер;

медициналық айықтырғыштарға жатқызылған адамдардың төлеген ақысынан түсетін түсімдер;

 табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін айыппұлдар (50 % мөлшерінде);
 қылмыстық-атқару инспекциясының қызметінен алынатын кірістер;
 қаруды тіркегені үшін ақы;

өзге де төлемдер мен коммерциялық емес және ілеспе сатудан түсетін кірістер;

стандарттардың талаптарына және сертификаттау ережелеріне сәйкес келмейтін өнімдерді, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатудан алынған кіріс сомасының түсімдері;

 басқа да санкциялар мен айыппұлдар;
 заң актілерімен көзделген басқа да салыққа жатпайтын түсімдер.

5-1-бап. 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 10 000 000 мың теңгеге дейін мөлшерде пайда болған республикалық бюджеттен қаржыландырылып келген бұрынғы бюджеттік ұйымдардың, таратылған Жол қорының тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) жеткізіп берушілер алдындағы кредиторлық берешегін, сондай-ақ жалақы мен әлеуметтік жәрдемақы төлеуге пайдаланылған және жергілікті өкілді органдар бекіткен екінші деңгейдегі банктер алдындағы несиелер бойынша кредиторлық берешегін өтеу шаруашылық жүргізуші субъектілердің республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша есеп айырысуды жүргізу кезінде қалыптасқан берешегін, бірақ 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша пайда болған берешегінің сомасынан аспайтын берешегін өтеу есебінен көзделсін.

Қазақстан Республикасының Үкіметі аталған кредиторлық берешекті өтеу тәртібін әзірлесін.

 Ескерту. 5-1-бап өзгерді Қазақстан Республикасының 04.10.99 ж.
 № 468-1 Заңымен.

6-1-бап. Орта білім беретін мемлекеттік мекемелер, бөбектер үйлері, балалар үйлері, қарттарға және мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат-үйлер, мүгедек жас балаларға арналған интернат-үйлер және психоневрологиялық интернат-үйлер, санитариялық-эпидемиологиялық мекемелер, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғат парктері ұсынатын тауарларды және қызметтерді сатудан алынатын түсімдерді олар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындайтын тәртіппен пайдаланады деп белгіленсін.

8-бап.

9-бап.

 Ескерту. 8, 9-баптардың күші жойылды Қазақстан Республикасының
 16.07.99 ж. № 440-1 Заңымен.

10-бап. "Жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысын келісім-шарт негізіне көшіруді жеделдету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 ақпандағы № 135 қаулысының негізінде бұрын Жер қойнауын қорғаудың және минералдық шикізат базасын өркендетудің республикалық қорына төлемдер жасап келген жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ "Мұнай, газ және көмір үшін бекітілген (ренталық) төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 1 маусымдағы № 764 қаулысы негізінде бекітілген (ренталық) төлемдер жасап келген кәсіпорындар жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар жасалғанға дейін, жоғарыда аталған қаулыларда белгіленген мөлшерде және шарттармен, республикалық бюджет кірісіне роялтилердің есебіне жоғарыда көрсетілген аударымдарды жасайды.

Бұдан бұрын бекітілген (ренталық) төлемдер төленіп келген кен орындары пайдалануға немесе иеленуге алынған жағдайда заңды және жеке тұлғалар жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт жасалғанға дейін оларды осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен одан әрі төлей береді.

11-бап. Жер қойнауын пайдаланушылар Жер қойнауын қорғау және миниралдық шикізат базасын молықтыру қоры бойынша берешекті, сондай-ақ осы кен орындарын жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың негізінде пайдаланушылар өтейтін, нақты аумақтарды геологиялық зерттеу үшін мемлекет жұмсаған тарихи шығындардың сомасын роялтилердің есебіне жатқызуға тиіс деп белгіленсін.

12-бап. Төлеушілер өткен кезеңдер үшін Зейнетақы қорына Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Міндетті медициналық сақтандыру қорына, Әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына төленетін жарналар жөніндегі берешекті, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдарын (бұрын Жол қорына түсіп келген) әлеуметтік салықтың есебіне аударуға тиіс деп белгіленсін.

Бұрын Жол қорына түсіп келген бензин мен дизель отынынан алынатын алымдар бойынша берешек бензинге және дизель отынына акциздердің түсімі ретінде есептеледі.

12-1-бап. 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыс берушілердің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбекке уақытша жарамсыздық, жүктілігі және босануы бойынша бала туылған кездегі, жерлеуге аударған жәрдемақылары сомасының, аталған қорға аударымдарының есептелген сомасынан асып түсуі нәтижесінде пайда болған теріс сальдо ай сайын еңбекке ақы төлеу қорының 1,5 %-і шегінде әлеуметтік салық төлеу шотына есептеледі деп белгіленсін.

 Ескерту. 12-1-баппен толықтырылды Қазақстан Республикасының
 01.04.99 ж. № 359-1 Заңымен.

13-бап. "Өнімдерді бөлу туралы" келісім-шарттар бойынша алынатын өнімдерді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі:

Батыс Қазақстан облысы бойынша - республикалық бюджетке - 90%, жергілікті бюджетке - 10%;

Маңғыстау облысы бойынша - республикалық бюджетке - 100% мөлшерінде түседі деп көзделсін.

 14-бап. Мыналардың ең аз мөлшері белгіленсін:
 1) айлық жалақы:
 1999 жылғы 1 қаңтардан - 2440 теңге,
 1999 жылғы 1 сәуірден - 2650 теңге,
 1999 жылғы 1 қазаннан - 2680 теңге;
 2) зейнетақылар:
 1999 жылғы 1 қаңтардан - 3000 теңге.".
 Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда Қазақстан Республикасының
 01.04.99 ж. № 359-1 Заңымен.

15-бап. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш мынадай мөлшерде белгіленсін:

 1999 жылдың 1 қаңтарынан - 660 теңге;
 1999 жылдың 1 сәуірінен - 715 теңге;
 1999 жылдың 1 қазанынан - 725 теңге.

16-бап. 1999 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мемлекеттік жоғары білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне тиісті дипломы болған жағдайда ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми дәрежелері үшін: ғылым кандидатына - бір айлық ең төменгі жалақы және ғылым докторларына - екі айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде қосымша ақы белгіленсін.

17-бап. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік тапсырыс негізінде өндірістен қол үзіп оқитын аспиранттарға ғылыми атағы жоқ кіші ғылыми қызметкердің лауазымдық айлық ақысы деңгейінде стипендия белгіленсін.

18-бап. Мемлекеттік тапсырыс негізінде жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге мынадай мөлшерлерде стипендия белгіленсін:

 1999 жылдың 1 қаңтарынан - 1420 теңге;
 1999 жылдың 1 сәуірінен - 1540 теңге;
 1999 жылдың 1 қыркүйегінен - 1555 теңге.

Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын арнаулы орта оқу орындарының оқушыларына мемлекеттік тапсырыс негізінде жоғары оқу орындарында оқитын студенттер стипендиясының 80 проценті мөлшерінде стипендия белгіленсін.

18-1-бап. Республикалық бюджетте 1999 жылғы 1 сәуірден бастап азаматтардың әлеуметтік жағынан қорғалатын санаттарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар беру жөніндегі шығыстар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіп пен мөлшерде көзделсін.

18-2-бап. 1999 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне және әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, сондай-ақ ішкі істер органдарының жедел іздестіру, тергеу, саптық бөлімшелері қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер көрсетуге айлық ақшалай өтемақы мөлшері 3430 теңге сомасында белгіленсін.

18-3-бап. Мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарына отын сатып алу үшін 1000 теңге мөлшерінде бір жолғы ақшалай төлемдер жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

 Ескерту. 18-1, 18-2, 18-3-баптармен толықтырылды Қазақстан
 Республикасының 01.04.99 ж. № 359-1 Заңымен.

19-бап. Бала туылғанда, бұрын жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек, балалары бар отбасыларына көмек, тұрмысы нашар отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үймен көмектесу және жұмыссыздарға материалдық көмек жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен заңдарда белгіленген тәртіп пен мөлшерде көрсетіледі.

Қоғамдық жұмыстар, жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, жұмыссыздардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда Қазақстан Республикасының
 01.04.99 ж. № 359-1 Заңымен.
 20-бап. Қазақстан Республикасының Үкімет 1999 жылдың 1 наурызына:

Қазақстан Республикасының аумағында жерасты тау-кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда қажетті стажын өтеген, бірақ 1998 жылдың 1 қаңтарына зейнетақы тағайындау үшін талап етілетін жасқа жетпеген Қазақстан Республикасы азаматтарының санын анықтауды қамтамасыз ететіні;

осы проблеманың шешілуін қамтамасыз ететін төлемдердің тетігін әзірлеуі;

 тиісті заң актілерінің жобаларын енгізетіні ескерілсін.
 21-бап. Республикалық бюджеттен мыналарға:

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен зейнеткерлерге 12-баптың бірінші бөлігінің бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарына сәйкес және "Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 23, 560-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; № 20, 252-құжат; 1997 жылғы 3 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы) көрсетілген аймақтарда тұратындарға 300 000 мың теңге сомасында бір жолғы ақшалай өтемақы төлеуге арнап қаржы бөлу көзделсін.

 Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда Қазақстан Республикасының
 01.04.99 ж. № 359-1 Заңымен.

22-бап.

 Ескерту. 22-бап алынып тасталды Қазақстан Республикасының
 01.04.99 ж. № 359-1 Заңымен.

23-бап. 1999 жылы облыстардың бюджеттеріне 25 471 786 мың теңге сомасында субвенциялар бөлінсін:

 Ақмола - 3 266 134 мың теңге;
 Алматы - 6 047 347 мың теңге;
 Шығыс Қазақстан - 282 452 мың теңге;
 Жамбыл - 2 346 787 мың теңге;
 Батыс Қазақстан - 344 089 мың теңге;
 Қызылорда - 3 252 699 мың теңге;
 Солтүстік Қазақстан - 3 815 267 мың теңге;
 Оңтүстік Қазақстан - 6 117 011 мың теңге.
 Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда Қазақстан Республикасының
 01.04.99 ж. № 359-1 Заңымен.

23-1. 1999 жылға арналған бюджеттік алып қою мөлшері 37 904 949 мың теңге көлемінде белгіленсін, оның ішінде:

 Ақтөбе - 1 645 768 мың теңге;
 Атырау - 6 765 916 мың теңге;
 Қарағанды - 4 384 315 мың теңге;
 Қостанай - 362 519 мың теңге;
 Маңғыстау - 4 844 265 мың теңге;
 Павлодар - 3 740 322 мың теңге;
 Алматы қ. - 16 161 844 мың теңге.
 Ескерту. 23-1-баппен толықтырылды Қазақстан Республикасының
 01.04.99 ж. № 359-1 Заңымен.
 24-26 баптар.
 Ескерту. 24-26-баптар алып тасталды Қазақстан Республикасының
 01.04.99 ж. № 359-1 Заңымен.

27-бап. "Жергілікті деңгейде жалпы білім беретін оқу" бағдарламасы бойынша қаражат мөлшері жергілікті бюджет облыстар бойынша мына сомадан кем болмауға тиіс деп ескерілсін:

 Ақмола - 2046852 мың теңге,
 Ақтөбе - 2032134 мың теңге,
 Алматы - 4857350 мың теңге,
 Атырау - 1603168 мың теңге,
 Шығыс Қазақстан - 5318554 мың теңге,
 Жамбыл - 2619854 мың теңге,
 Батыс Қазақстан - 2265422 мың теңге,
 Қарағанды - 4313102 мың теңге,
 Қызылорда - 2156923 мың теңге,
 Қостанай - 3002873 мың теңге,
 Маңғыстау - 1059796 мың теңге,
 Павлодар - 2928704 мың теңге,
 Солтүстік Қазақстан - 3641636 мың теңге,
 Оңтүстік Қазақстан - 4026437 мың теңге,
 Алматы қаласы - 3799435 мың теңге,
 Астана қаласы - 536455 мың теңге.
 Ескерту. 27-бап өзгерді Қазақстан Республикасының
 01.04.99 ж. № 359-1 Заңымен.

28-бап. Денсаулық сақтау бағдарламалар бойынша қаражат мөлшері жергілікті бюджеттер мыналар бойынша төмендегіден кем болмауға тиіс деп ескерілсін:

 Ақмола - 2072311 мың теңге,
 Ақтөбе - 1927768 мың теңге,
 Алматы - 4005451 мың теңге,
 Атырау - 1606652 мың теңге,
 Шығыс Қазақстан - 5356426 мың теңге,
 Жамбыл - 2405220 мың теңге,
 Батыс Қазақстан - 2089198 мың теңге,
 Қарағанды - 4505316 мың теңге,
 Қызылорда - 2641495 мың теңге,
 Қостанай - 3121125 мың теңге,
 Маңғыстау - 1187318 мың теңге,
 Павлодар - 2802144 мың теңге,
 Солтүстік Қазақстан - 3340323 мың теңге,
 Оңтүстік Қазақстан - 4426154 мың теңге,
 Алматы қаласы - 3731083 мың теңге,
 Астана қаласы - 959921 мың теңге.

1999 жылы облыстық бюджеттер мен Астана және Алматы қалалары бюджеттері шығыстарының құрамында медициналық көмектің кепілдік берілген тегін көлемі бойынша және қор ұстау үлгісі бойынша мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруға қаржы бөлу көзделіп отырғаны ескерілсін.

Медициналық көмектің кепілдік берілген тегін көлемі бойынша мемлекеттік тапсырыс шегіндегі жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып Медициналық қызмет көрсетуге ақы төлеу жөніндегі орталықтың облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша бөлімшелері белгіленсін.

 Ескерту. 28-бап өзгерді және толықтырылды Қазақстан Республикасының
 01.04.99 ж. № 359-1 Заңымен.

29-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві 1 700 000 мың теңге, оның ішінде төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін 600 000 мың теңге мөлшерінде сомасында бекітілсін.

 Ескерту. 29-бап өзгерді Қазақстан Республикасының
 01.04.99 ж. № 359-1 Заңымен.
 29-бап өзгерді Қазақстан Республикасының 28.06.99 ж. № 406-1
 Заңымен.

30-бап. "Үкіметтік борыштың 1999 жылғы 31 желтоқсандағы лимиті деноминацияланған шетелдік валюталарда 2 950 017 мың АҚШ долл. бара-бар сомасында және деноминацияланған ұлттық валютада 110 907 437 мың теңге сомасында белгіленсін.

 Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда Қазақстан Республикасының
 01.04.99 ж. № 359-1 Заңымен.
 30-бап жаңа редакцияда Қазақстан Республикасының
 28.06.99 ж. № 406-1 Заңымен.

30-1 бап. Жергілікті атқарушы органдардың жиынтық қарыз алу лимиті 5 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

 Ескерту. 30-1-баппен толықтырылды Қазақстан Республикасының
 01.04.99 ж. № 359-1 Заңымен.

31-бап. Қазақстан Республикасының үкіметтік кепілдіктерін берудің лимиті 1999 жылы 500 000 мың АҚШ долл. бара-бар сомада теңге мөлшерінде белгіленсін.

 Ескерту. 31-бап өзгерді Қазақстан Республикасының
 01.04.99 ж. № 359-1 Заңымен.
 31-бап өзгерді Қазақстан Республикасының 28.06.99 ж.
 № 406-1 Заңымен.

32-бап. 1999 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылу процесінде:

үкіметтік борышқа және Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген борышқа қызмет көрсетуге байланысты;

 зейнетақыларды төлеуге арналған;
 арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды төлеуге;
 мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеуге арналған;

"Диабет";

"Туберкулез";

республикалық деңгейде орындалатын республикалық бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайтын болып белгіленсін.

 Ескерту. 32-бап өзгерді Қазақстан Республикасының
 01.04.99 ж. № 359 Заңымен.
 33-бап. Осы Заң 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.
 Қазақстан Республикасының Президенті
 Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда Қазақстан Республикасының
 01.04.99 ж. № 359-1 Заңымен.
 "1999 жылға арналған республикалық
 бюджет туралы" Қазақстан
 Республикасының 1999 жылғы
 28 маусымдағы № 406-I Заңына
 Қосымша
 Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда Қазақстан Республикасының
 28.06.99 ж. № 406-1 Заңымен.
 Қазақстан Республикасының 1999 жылға арналған
 республикалық бюджеті
 мың теңге
 _________________________________________________________________________
|Санаты Атауы | Сомасы
| Сыныбы |
| Ішкі сыныбы |
| Ерекшелігі |
|_______________________________________________________________|_________
| 1 | 2 | 3
|________|______________________________________________________|_________
| |I. Кірістер |245289425
|1 |Салық түсімдері |163404295
| 1 |Кірістерге салынатын табыс салығы |18614832
| 1 |Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы |17665186
| 1 |Резидент заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы |13666957
| 2 |Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы |1341651
| 3 |Резидент заңды тұлғалардан алынатын төлем көзінен |707196
| |ұсталатын табыс салығы |
 4 |Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын төлем көзінен|1949382
| |ұсталатын табыс салығы |
| 2 |Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы |949646
| 1 |Жеке тұлғалардан алынатын төлем көзінен ұсталатын |923646
| |табыс салығы |
| 2 |Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалардан |26000
| |алынатын табыс салығы |
| 3 |Әлеуметтік салық |1451500
| 1 |Әлеуметтік салық |1451500
| 4 |Меншікке салынатын салықтар |740945
| 1 |Мүлікке салынатын салықтар |270364
| 1 |Заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтар |243110
| 2 |Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтар |27254
| 2 |Бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеу үшін алым |228750
| 1 |Бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеу үшін алым |228750
| 3 |Жер салығы |150980
| 1 |Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер |780
| |салығы |
| 2 |Елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығы |70852
| 3 |Өнеркәсіп, байланыс, көлік және өзге де |79348
| |ауылшаруашылық емес мақсаттағы жерлерге салынатын |
| |жер салығы |
| 4 |Көлік құралдарына салынатын салық |90851
| 1 |Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық |37152
| 2 |Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық |53699
| 5 |Тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге |122289748
| |салынатын ішкі салықтар |
| 1 |Қосылған құнға салынатын салық |84748674
| 1 |Ішкі өндіріс тауарларына, жұмыстар мен қызмет |55765974
| |көрсетулерге салынатын қосылған құн салығы |
| 2 |Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін |28982700
| |тауарларға салынатын қосылған құн салығы |
| 2 |Акциздер |23700129
| 1 |Спирттің барлық түрлері |1137720
| 2 |Арақ |2525186
| 3 |Ликер-арақ бұйымдары |841401
| 4 |Шараптар |119389
| 5 |Коньяктар |3800
| 6 |Шампан шараптары |45466
| 7 |Сыра |209928
| 8 |Күшейтілген сусындар, күшейтілген шырындар мен |136194
| |бальзамдар |
| 9 |Бекіре және албырт балықтар, бекіре және албырт |67809
| |балықтың уылдырығы, бекіре және албырт балықтар мен |
| |олардың уылдырығынан дайындалған жеңсік тағамдар |
| 10|Темекі бұйымдары |1574400
| 16|Импортталатын тауарлар |2959400
| 17|Алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған |4026
| |зергерлік бұйымдар |
| 18|Шарап материалдары |24627
| 19|Бензин (авиациялықты қоспағанда) |9605942
| 20|Дизель отыны |1734676
| 21|Оқпен және газбен атылатын қару (мемлекеттік өкімет |1148
| |органдарының мұқтажы үшін алынатындарынан басқа) |
| 23|Құмар ойындар бизнесі |3100
| 28|Электр энергиясы |1346397
| 29|Газ конденсатын қоса алғанда шикі мұнай |1359520
| 3 |Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін |8730688
| |түсетін түсімдер |
| 3 |Суға төлем |2238
| 5 |Бонустар |699950
| 6 |Роялтилер |6686000
| 8 |Жасалған келісім-шарттар бойынша өнімдер бөлу |566000
| |жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі |
| 9 |Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурстарын |776500
| |пайдаланғаны үшін төлем |

Добавить в список основных источников в Google

Добавление закладки

Выберите папку, куда хотите сохранить, нажав на неё:

Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!